National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Президент Әкімшілігінің Басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

Мұрат Нұртілеу бүгінгі жұмыс сапары аясында Алматыға барып, қалалық мәслихаттың жиынына қатысты.

Президент Әкімшілігінің Басшысы Алматы қаласының әкімі лауазымына Ерболат Досаев пен Бекқали Торғаевтың кандидатураларын ұсыну жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқыды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 30 депутат Ерболат Досаевқа, 8 депутат Бекқали Торғаевқа дауыс берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерболат Досаевты қала әкімі ретінде таныстырып, оның жауапты басқарушылық қызмет жолын атап өтті.

Президент Әкімшілігінің Басшысы әкімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары кезінде нақтылаған міндеттерін орындау өзекті екенін жеткізді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторы мен креативті индустрияны дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру қажет. Сонымен қатар Түргеннен Қаскелеңге дейінгі Алматы тау кластерін дамыту, автомобиль жолдарын жаңарту, жаңа жұмыс орындарын ашу – басты міндеттердің бірі.

Жиында Мұрат Нұртілеу биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан, қолдау көрсеткен қала тұрғындарына Мемлекет басшысының алғысын жеткізді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы