National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент аймақтық IT Hub-қа барды

2023 жылғы 09 тамыз

Мемлекет басшысы Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің негізінде құрылған аймақтық IT-Hub  қызметімен танысты.

Мұнда ақпараттық қауіпсіздік және машина жасау саласының болашақ мамандары ІТ-нарықтағы заманауи машықтарды меңгеріп, бизнес серіктестер табады.

Қала оқушыларына мектеп жасынан кәсіптік бағдар беру үшін IT Hub базасында «Робототехника», «Графикалық дизайн», «3D-прототиптеу» бағыттары бойынша курстар ұйымдастырылған. Сондай-ақ ересектерге арналған   компьютерлік сауат ашу курсы бар.

Президент желілік және жүйелік басқару, 3D-прототиптеу зертханаларын, сондай-ақ металды лазермен кесу цехын аралап көріп, оқытушылармен әңгімелесті.

Оқу орнын аралап шыққан соң Президент креативті жастармен жүздесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, еліміздің келешегі жоғары технологиялардың даму деңгейіне байланысты екенін атап өтті.

– Бір ғана Павлодар облысында осыншама талантты жастар бар. Сондықтан сіздер еліміздің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатындарыңызға ешқандай күмәнім жоқ. Мен жастарға әрдайым көңіл бөлемін. Біздің жастарымыз, ең алдымен, ұқыпты, еңбекқор, ойы ұшқыр, креативті, іскер болуы керек. Мен жастарға үлкен үміт артамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің