National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты 

2023 жылғы 05 қыркүйек

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Президентке Қонаев қаласының Бас жоспары таныстырылды.

«Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева Мемлекет басшысына облыс орталығының аумағы 2050 жылға қарай 19 мың гектарға ұлғайып, халық саны 200 мың адамға жетеді деген болжам жасалып отырғанын айтты.

Қаланы дамыту және жаңа мәдени-қоғамдық орталық салу үшін «Жаңа-Іле» алаңы таңдалып алынды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, тұрғын үй, білім беру және рекреациялық нысандар салу көзделген.

Жүйе құраушы кластерлер мен кәсіпорындарда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл 30 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын көптеген шағын және орта бизнес субъектісінің құрылуына ықпал етеді. 

Бұдан бөлек, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысына қоғамдық жағажайды абаттандыру жобасын таныстырды.  

Әкімнің айтуынша, бірегей жобаның – ұзындығы 1000 метр болатын су променадының құрылысы басталады. Оны алдағы уақытта 3000 метрге дейін жеткізу көзделген.

Кездесу барысында облыс басшысы өңірді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударды.

Президентке 67 әлеуметтік нысанды жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін интернетке қосу жобасының жүзеге асырылуы, сондай-ақ 5G жобасын одан әрі іске асыру үшін жалпы ұзындығы 104 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісінің төселуі жөнінде мәлімет берілді.

Қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті үздіксіз мониторинг жасау мақсатында 412 бейнебақылау камерасы орнатылып жатыр. Алматы облысының мектептерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін құру аталған бастамалардың маңызды бөлігі саналады. Жоба аясында облыстың 125 мектебіне Жедел басқару орталығына қосылған 4 мың камера орнатылады. Бұл платформа ықтимал қауіптерге қарсы жылдам әрекет етуге және қолайлы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің