National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесті

2024 жылғы 29 қазан

Моңғолия, Ұлан-Батыр қаласы

 

Кездесуде Мемлекет басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау үшін екі ел үкіметтерінің бірлесе күш-жігер жұмылдыруы керек екенін атап өтті.

– Бүгін Сіздің еліңізге Президент Хурэлсухтың шақыруы бойынша арнайы мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы ынтымақтастыққа стратегиялық сипат беру үшін екі ел үкіметтері алдында тұрған міндеттерді айқындадық. Шын мәнінде, бізге экономикалық байланыстарымызды дамытуға тың серпін беретін өте ірі жобалар қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм және білім салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Өз кезегінде Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған шешімдерді Моңғолия Үкіметі орындауға дайын екенін растады. Оның айтуынша, Ұлан-Батыр Қазақстанның даму жолын жіті зерттейді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің