Қырғызстан, Бішкек қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Саммит қорытындысы бойынша Достастық елдерінің президенттері бірқатар құжатқа қол қойды. Мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.