National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сонымен қатар, Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің және тиісті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстар жайындағы өзге де лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, Комиссия төрағасы Қазақстан азаматтығынан шыққысы келетін тұлғалардың саны соңғы 4 жылда 15 есеге төмендегенін айтып, мұны оң үрдіс ретінде бағалады. Нақты айтқанда, 2019 жылы мұндай адамдардың саны 1,7 мың, 2020 жылы – 0,9 мың болса, 2021 жылы – 123, ал 2022 жылы – 114 адам болған.

Комиссия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар әзірленді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы