National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

2022 жылғы 10 маусым

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндалды.

Жақып Асанов Мемлекет басшысына азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, соңғы 3 жылда Жоғарғы Соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары жайлы мәлімет берді. Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3 пайызы ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен.

Жоғарғы Сот төрағасының деректеріне сәйкес 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда жыл сайын 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.

Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды. Жақып Асановтың айтуынша, былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.

Сонымен қатар кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің