National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

2021 жылғы 02 сәуір

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің