National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

2026 жылғы 20 наурыз

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик және тағы басқалар құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің