National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Маттео Мекаччимен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша адам құқықтары мен құқық үстемдігі саласында жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы мәлімет берді. Тараптар Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік, экономикалық және саяси даму салалары бойынша Қазақстан мен ЕҚЫҰ институттары арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылады.

ДИАҚБ директоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстанның қолға алған бастамаларына барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы