National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Эрато Козаку-Маркуллисті қабылдады

Кездесу кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Тараптар соңғы жылдары мемлекетаралық байланыстарда айтарлықтай белсенділікке қол жеткізілгенін қанағаттанған сезіммен атап өтті. Тауар айналымы едәуір артты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда тоғыз есе өсті. Сондай-ақ экономика, ғылым мен білімнің әр түрлі салаларындағы ынтымақтастықтың нәтижесі үміттендіреді.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Кипр Республикасының Қазақстанның халықаралық бастамасын қолдағанын, сонымен қатар «Еуропаға жол» бағдарламасын іске асыру аясындағы екі елдің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының келешегін жоғары бағалады.

­- 2012 жылғы шілдеден бастап Кипр Республикасының Еуроодаққа төрағалық жасауы оның жасампаздық рөлін одан әрі күшейтетініне сенемін,- деп қорытты сөзін М.Құл-Мұхаммед.

Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі жылы жүзді қабылдауы үшін ризашылығын білдіріп, өз елінің Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға деген дайындығы мен терең қызығушылығын жеткізді.

Сондай-ақ, кездесу кезінде Кипр Республикасының Президенті Д.Христофиастың Қазақстанға алдағы ресми сапарына байланысты мәселелер қаралды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы