National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Бүгін Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган – Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия отырысы өтті

 

– Заманның сын-қатеріне лайықты жауап бере алатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуде моральдық және материалдық көтермелеу маңызды рөл атқарады. Наградалар еңбекқорлық, табандылық қасиеттерін, сондай-ақ елдің экономика, ғылым, мәдениет және өнер сияқты салаларын нығайту мен дамытуға қосқан жеке үлес салмағын айқындауы тиіс. Сондықтан ведомстволық наградалардың мейлінше әлеуметтік мәні бар және бұл мәселеге біз барынша байыпты қарауға тиіспіз, – деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, отырыста тәуелсіз Қазақстанның серпінді дамуы өмірдің барлық саласында болып жатқан өзгерістерге ұлттық құқықтың сай болуын талап ететіні атап өтілді. Осыған орай, заң шығару және құқық қолдану қызметін, оның ішінде геральдика мәселелерін одан әрі жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Ведомстволық наградалар атауларының дұрыс қолданылмауын,  тілдік нормаларға сай келмеуін реттеуге,  олардың дизайнындағы кемшіліктерді жою қажеттігіне барынша назар аударылды.

Отырыс қорытындысында тиісті құрылымдарға ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы