National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

 

Отырыста Республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындау, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралды.

Атап айтқанда, тілдік курстарды жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендиаттарды тілдік даярлауды әрқайсысы 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтитын екі кезеңде  жүргізу қарастырылуда.

Тілдік даярлаудың ұйымдастыру-техникалық және оқу-әдістемелік мәселелерін шешу үшін шетелдік серіктес ретінде Британдық Кеңес тартылатын болады.

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды. 338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы