National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесті

Екіжақты кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 1993 жылдан бері Қазақстанда 222 жобаны қаржыландырды. Жалпы сомасы – 7,3 млрд еуро.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылды ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық бере отырып кеңейту міндеті қойылды.

Мемлекеттік хатшы ЕҚҚДБ әзірлеген әрі осы банктің Казақстанмен ынтымақтастығының 5 жылға арналған стратегиясы мемлекеттің және жеке сектордың рөлін теңгерімді ету; қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру, банк секторын күшейту және жергілікті капитал нарығын дамыту; өңіраралық өзара іс-қимылды және халықаралық интеграцияны күшейту; жасыл экономикаға көшуге көмектесу сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.  

Тараптар екіжақты ынтамақтастықтың қазіргі даму қарқынына  қанағаттанатындықтарын айтып, ЕҚҚДБ-ның табиғи ресурстар және энергетика секторындағы жобаларын іске асыру, соның ішінде, гендерлік теңдік пен әйелдердің осы сектордағы рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасындағы келісім аясында  «Бизнестегі әйел» атты жоба іске асырылып отырғаны атап өтілді. Бүгінде аталған жоба бойынша 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге көлемінде несие берілді. Қаржыландырумен қатар ЕҚҚДБ ноу-хауды игеруге жол ашады және әйелдер басшылық ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына басқару тәжірибесі мен технологияларды енгізуге көмектеседі.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Н.Паршадты Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтап, биылғы 31 тамызда ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» атты халықаралық форумға қатысуға шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару