National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне орайластырылған «Шығыс пен Батыс: Мемлекеттік Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ» атты көрменің салтанатты ашылуына қатысты

Көрмеге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі М.Бочарников, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген шетелдік қонақтар, ғылыми зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы қару-жарақ жасау өнерінің Эрмитаж қорынан жинақталған көрмесі ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отырғанын айтты. Халықаралық мамандандырылған көрме аясында барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өтеді. Бүкіл дүниежүзіне әйгілі, әлемде адамдар ең көп баратын 20 музейдің бірі болып саналатын Эрмитаждың келуі – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы достық қарым-қатынастың айғағы.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова адамзаттың бүгінде, сарапшылардың пікірінше, жаңа соғыс қатері алдында тұрғанын атап өтті. Сондықтан Қазақстан Президенті өзінің «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде: «Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет» деген болатын.

Осы көрмеге келушілер қару-жарақ жасау өнерінің қыр-сырын ұғынып, Шығыс пен Батыстағы өнердің тарихы мен өркендеуі, қарудың алуан түрі, оларды жасаған орталықтар мен әйгілі қару-жарақ шеберлері жөнінде біле алады.

Жәдігерліктер қоры қару-жарақ жасау өнерінің XV  ғасырдан XIX ғасырдың соңына дейінгі елеулі тарихи даму кезеңін қамтиды.

Көрмеге қару-жарақ жасау өнерінің 70 шақты үлгісі қойылған, олардың қатарында Германиядан, Түркиядан, Жапониядан, Франциядан, Үндістаннан, Италиядан, Испаниядан, Ираннан және әлемнің өзге де елдерінен келген әскери, аңшылық және салтанатты қару-жарақ түрлері бар. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы