National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің ХІІІ форумының ашылу рәсіміне қатысты

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқып берді.

– ТМД-дағы Мәдениет жылы аясында өтіп жатқан осы жиынның күн тәртібі ХІ Астана экономикалық форумы барысында аталған жаһандық сын-қатерлермен, жалпы әлемдік үрдістермен және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы міндеттерімен үндеседі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық бірегейлікті сақтауды, білімнің салтанат құруын, эволюциялық дамуды және сананың ашықтығын қазақстандық ұлтты дамытудың негізгі басымдықтары ретінде белгіледік. Жаһандық әлем жағдайында бұл әмбебап құндылықтар әр халыққа жақын әрі түсінікті» – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Форумға қатысушылар өзара кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі аспектілерін – мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, білім беруді гуманизациялау, жастармен жұмыс жүргізудегі сабақтастық пен инновациялар және басқа да мәселелерді талқылады.

Салтанатты шараға Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (ХГЫҚ) басқармасының төрағасы, Әзербайжан Республикасының Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі П.Бюльбюль оғлы, Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры басқармасының тең төрағасы, Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі М.Швыдкой, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен бірге Достастық елдерінің 200-ден астам делегаты – қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет, білім саласының өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.

Басқосу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ТМД елдерінің гуманитарлық саладағы бірлескен жұмыстарына арналған көрмені аралап көрді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару