National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

Гүлшара Әбдіқалықова ұлттық телевизия сыйлығын тапсыру рәсімін ашып, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Құттықтауда 1958 жылдың көктемінде жұмысын бастаған Қазақ телевизиясының бүгінде жоғары технологияларға арқа сүйейтін ауқымды салаға айналып отырғаны айтылған. Ол үздік техникамен жабдықталған телеарналарды қамтиды және бұл салада мыңдаған кәсіби мамандар еңбек етуде. Әсіресе қазақ телевизиясының қара шаңырағы – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының алатын орны ерекше.

«Мемлекет қазақ телевизиясының заман талабына сай дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. ТМД аумағында баламасы жоқ «Қазмедиа орталығы» – осының айқын дәлелі», – делінген құттықтау хатта.

Елбасының құттықтауы оқылғаннан кейін «Тұмар» телевизиялық сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шара барысында Мемлекеттік хатшы қазақ телевидениесінің құрылу тарихына және қазақ телевидениесінің 60 жылдық мерейтойына арналған көрмені аралап көрді.

Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғам қайраткерлері, телевизия саласының ардагерлері, республикалық телеарналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

***

«Тұмар» сыйлығы 2017 жылы тағайындалды. Ол телевизия өнері саласындағы жоғары жетістіктер үшін беріледі және Қазақстан телевизиясының сапасын арттыруға, дарынды кәсіпқой мамандарды қолдауға арналған.

2018 жылы осы сыйлыққа ұсынылған жұмыстар 14 номинация бойынша қабылданды. Астананың 20 жылдық мерейтойы мен қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған номинациялар да бар.

Конкурсқа барлығы 400-ге жуық өтінім ұсынылған. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе артқан.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы