National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыста мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою, награда мәселелері жөніндегі заңдардың жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсыныстарды қарастырады.

Комиссия мүшелері отырыс қорытындысы бойынша марапаттау үшін Мемлекет басшысына ұсынылатын кандидаттарды анықтады.

Мемлекеттік наградалар дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында тапсырылады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы