National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті

Жиынға Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Қордың президенті Н.Әбіқаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан бизнесінің өкілдері қатысты.

«Отандастар» қоры Мемлекет басшысының 2017 жылғы маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы бастамасы бойынша құрылған.

Қордың қызметі шет елдерде өмір сүріп жатқан отандастарды, сондай-ақ Қазақстанға қайтып келген этникалық қазақтарды қолдауға арналған.

Қамқоршылар кеңесі отырысында «Отандастар» қорының міндеттері, қызметі мен даму жоспарлары, сондай-ақ қордың қазіргі жұмыстарына қатысты басқа да мәселелер қаралды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару