National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браунмен кездесті

 

Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас барлық негізгі бағыттар бойынша серпінді дамып жатқанын атай отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік таяу аралықта жаңа сапалы деңгейге шығатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформа аясындағы «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру іскерлік байланыстарды тереңдету үшін мол мүмкіндіктер ашады.

Мемлекеттік хатшы мемлекетті, экономиканы және қоғамды кезең-кезеңімен жаңғырту аясында 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің маңыздылығын айтты. Бұл көрме отандық экономиканы әртараптандыру ісіне және Қазақстанның «жасыл технологияны» пайдалануға өтуіне серпін беруі тиіс. Бұл орайда Ұлыбританияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы оған жоғары ресурстық және энергия сақтаушы технологиялар әзірлеу және енгізу саласындағы өз жетістіктерін паш етуге мүмкіндік береді.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Британия арасындағы сыртқы және ішкі саясат саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйі мен келешегін талқылап,  стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетудің өзара мүдделестігін нақтылады.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: