National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыста 2016 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар, сондай-ақ олардың тіркелуі, қаралуы және қойылған талаптарға лайықтылығы тұрғысынан алғашқы сараптамадан өтуі туралы  ақпарат тыңдалды.

Комиссия отырысын ашқан Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында мәдени кодты сақтаудың маңыздылығын  ерекше аталып өткеніне тоқталды. Тілді, руханиятты, дәстүрді және ұлттық құндылықтарды дамыту қоғам мен мемлекет алдында тұрған басымдығы бар міндеттердің бірі екені және оларды орындау ісінде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің миссиясы айрықша екендігі айтылды. Осы орайда Мемлекеттік хатшы еліміздің мәдени мұрасын молайтуға үлес қосқан авторларды бағалау және оларға мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстың маңыздылығына, соған орай комиссия мүшелеріне ерекше жауапкершілік жүктелетініне тоқталып өтті.

Еңбектерді талқылау және жасырын дауыс беру үдерісі  3 секция – Әдебиет, Музыка, театр және кино, Бейнелеу өнері және сәулет секциялары бойынша қаралды. Секцияларда жалғасқан талқылаулардың, жасырын дауыс берулердің, одан кейінгі жалпы отырыстың қорытындысы бойынша байқаудың келесі кезеңіне жіберілетін шығармаларға қатысты шешім қабылданып, үміткерлердің тізімі бекітілді.

Хаттамалық шешімге сәйкес, сыйлыққа ұсынылған авторлар мен шығармалар туралы ақпарат қоғамда, жұртшылық арасында ашық талқылану үшін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару