National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиеримен кездесті

Мемлекеттік хатшы А.Пиериді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы табысты аяқталуымен құттықтап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында одан арғы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі, соның ішінде Миланда өтетін ЭКСПО-2015 және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмелерін өткізу жұмыстарын үйлестіру мәселелері талқыланды.

Италия Қазақстанның шетелдік сауда әріптестері арасында үшінші орын, ал Еуропа мемлекеттері ішінде бірінші орын алады. 2013 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 16,2 млрд. доллардан асты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2026 жылғы 30 наурыз

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы