National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына барды

Г.Әбдіқалықова онда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеңейту мәселелері жөніне баяндама  жасайды деп жоспарланған.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы 10 – 12 наурыз аралығындағы сапар аясында Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, іскер топ өкілдерімен және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді. Атап айтқанда, АҚШ-тың Әйелдердің жаһандық проблемалары жөніндегі елшісі К.Рассэллмен, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі көзделген. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы «Жанды дауыстар» жаһандық әріптестігі» халықаралық үкіметтік емес ұйымының гала-қабылдауында болып, аталған ұйымның президенті Э.Нельсонмен кездеседі және «Жаһандық көшбасшылық жолындағы марапат» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысады.

Мемлекеттік хатшының Вашингтонға сапары Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгрестің, сондай-ақ АҚШ-тың іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус қатысатын «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шарамен қорытындыланады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы