Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Комиссия ұсынымының негізінде Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін, республикамызға ТМД және алыс шет елдерден келген түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 638 адам Қазақстан азаматы атанатын болады.