National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 

Отырысты ашқан Г.Әбдіқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысында азаматтық қоғамның әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, комиссия құрамына белгілі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің кіруінің арқасында барынша тығыз өзара байланыс орнайтынына сенім білдірді.  

Ел Президентінің Жарлығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.Сүлейменов, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Н.Ерімбетов, «Транспаренси Интернешнл Қазақстан» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Н.Малярчук Комиссия мүшелерінің құрамына кірді.

Отырыста экономиканың аграрлық секторында, сондай-ақ еліміздің салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды. Комиссия мүшелері Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтың, Қаржы министрі Б.Сұлтановтың, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршиннің баяндамаларын талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша еліміздің аграрлық секторында және  салық жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жол ашатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару