National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев мемлекеттік наградалар тапсырды

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бір топ белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының  қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы  мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төс белгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.

 Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапаттауы игілікті дәстүрге айналған.

 «Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар - бұл сіздердің елімізді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырудағы жасампаз еңбектеріңізге, білімдеріңізге, қажыр қайраттарыңызға және айрықша құлшыныстарыңызға берілген жоғары баға» - деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградаларымен және сыйлықтарымен құттықтап, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы