National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысын өткізді

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының адами капиталды дамыту саласындағы серпінді жоба екенін атап өтті.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

Комиссия шешімімен магистратура мен докторантурада білім алу үшін 234 үміткерге стипендия тағайындалды, сонымен қатар, олар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Әсіресе экономика саласын дамытудың перспективалары негізінде еңбек ресурсы балансындағы өзгерістерді ескеру жайы айтылды.

Мысалы, 2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Бұл конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық үдерістер қосымша реттеледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы