National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына арналған құттықтау хаты

Құрметті театр ұжымы!

Сіздерді қазақ сахна өнерінде өзіндік бай тарихы қалыптасқан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының құрылғанына 70 жыл толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, тарихи сананы жаңғыртып, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл театрдың отандық мәдениеттің мәуе жаюына қосқан үлесі қомақты деп білемін.

Өзінің 70 жылдық белесінде балалар мен жасөспірімдер театры дәріпті дәстүрін қалыптастырып, талантты қаламгерлердің көрнекті шығармаларын сахналап, жұртшылықтың ықыласы мен құрметіне бөленген небір дүлдүл дарындар мен дарабоз саңлақтардың киелі шаңырағына айналды.

Ұжымдық өнер саналатын театрда бүгінде шығармашылық құрамнан бастап техникалық қызметкерлерге дейінгі 200-ден астам адам бір қолдың саласындай бірлесе қызмет етіп, ұлттық сахнаны мазмұндық жағынан жаңа жетістіктерге жетелеуде.

Алдағы уақытта да мәртебелеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеп берген «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылығын сахна өнері арқылы халықтың санасына сіңіруге қолтаңбаларыңызды қалдыра беретіндеріңізге сенімдімін.

Қазақстанның мәдени өміріндегі жарқын жаңалық, елеулі белес – бүгінгі мерейтойларыңызбен құттықтай отырып  баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, шығармашылық табыс тілеймін.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы