National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі Гала-концертінде сөйлеген сөзі

 

Құрметті әнсүйер қауым!

Қадірлі қонақтар!

 

Сіздерді аса көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән фестивалінің сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Халқымыздың ән өнерінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқов күллі Қазақстан халқының ортақ мақтанышы. Жарты ғасырдан астам еліміздің кең байтақ даласы мен шырқау көгінде қалықтаған қайталанбас Шәмші әуендері ХХІ ғасырды да ерекше сазымен асқақтатуда.

Шәмші – қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің ғаламат құбылысы, ұлттық ән өнерінің  лирикалық самалы. Шәмші – қазақ өнеріне үлкен жаңалық әкелген және ұлттық бояуы қанық өшпес туындылар тарту еткен тамаша дарын иесі. Шәмші – Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына енгізуге сүбелі үлес қосқан аса дарынды композитор. Сондықтан да, оны қазақ халқы аса құрметпен «қазақ вальсінің королі» — деп орынды мақтан етеді.

Мемлекет басшысы өзінің Жарлықтарымен 1991 жылы Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын берсе, 2006 жылы «Менің Қазақстаным» шығармасын мемлекеттік гимн ретінде бекітті, ал 2010 жылы Шәмші Қалдаяқовқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Бұл тарихи шешімдер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біртуар композитордың  қазақ мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегіне берген ерекше бағасы деп қабылдауымыз керек.  

Тәуелсіздік жылдарында ұйымдастырылып келе жатқан бұл фестивальдің рухани-мәдени мәні зор. Фестивальдің басты мақсаты қазақтың ән өнерін жаңа биікке көтеріп, Шәмші Қалдаяқовтың тәрбиеге толы сазды әндерімен жас ұрпақты елді, жерді сүюге баулу, халықты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының айналасына топтастыруды мақсат тұтады. Сонымен бірге, алдағы «ЭКСПО-2017» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында бұл фестивальді бүкілқазақстандық мәдениеттің бір тармағы ретінде таныстырудың тамаша мүмкіндігі деп ойлаймын.

Осы орайда, Шәмші шығармашылығы арқылы өнер жолына түскен өршіл жастарға зор табыс тілеймін!

Бүгін «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған жас өнерпаздардың жұлдыздары жарқырай берсін деген тілегімді жеткіземін!

Астана қаласы, 2015 жылғы 27 қазан


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: