Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
7) əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;
Əскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары – əскери міндеттілерді, əскери оқу орындарына түскен кезде əскерге шақырылушыларды жəне əскери кафедралардың студенттерін даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді;
12) əскери интерн – əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші;
25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы – Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
28) докторант – докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші;
35-1) Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының президенттік резерві – Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) айқындалған ерекше іріктеу тәртібінен өткен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тізімі;
38) магистрант – магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші;
39) мерзімді əскери қызмет – ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет;
40) отставка – əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;
41) офицерлер – офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер – Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы;
43) ротация – əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру;
44) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының əскери лауазымдарын атқаратын əскери қызметшілер;
45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық (старшиналық) лауазымдарды атқаратын əскери қызметшілер;
46) тəрбиеленушілер – əскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;
47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің ашық теңізге шығуы;
48) уәкілетті лауазымды адам – Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;
49) уəкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
1. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары:
2) әскери қызметшілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін әскери қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, оларды толық, жеткілікті және уақтылы қамтамасыз ету;
3) әскери қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғау, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оған қол сұғылмаушылық;
4) дара басшылық және дәреже сатысы;
5) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне тәуелді болмау болып табылады.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының барлық әскери қызметшілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер, сондай-ақ бітімгершілік күштер құрамында әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне және әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.
Осы Заңның күші мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.
Осы Заңның әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы жекелеген ережелері мен нормалары олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметтен шығарылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтен шығарылған және басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі тұрақты тұру үшін таңдалған мемлекеттермен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
1. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып тастаулар мен шектеулер, ерекше міндеттері мен жауаптылығы осы Заңда белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:
әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.
Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.
2. Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыларға сәйкес олар үшін бастықтар болып табылатын адамдарға ғана бағынады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа ешкім де олардың қызметтік істеріне араласуға құқылы емес.
1) лауазымдық міндеттерін орындаған;
2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттер орындаған;
3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;
4) террорға қарсы операцияларға қатысқан;
5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;
7) күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе қызметтік қажеттіліктен туындаған басқа да уақытта әскери бөлімнің аумағында болған;
8) қызметтік іссапарда болған;
9) қызмет орнына барған және кері қайтқан;
10) емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;
12) тұтқында, кепілде немесе еркінен айырылу жағдайында болған;
13) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
14) қолданыстағы резервте болған;
15) біліктілігін арттыруда, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;
16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.
Офицерлер құрамын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілердің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшісі мерзімді қызмет өткерудің барлық уақыты ішінде, ал әскери міндетті – әскери жиындарды өткерудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайды.
4. Командирлерге (бастықтарға) әскери қызмет міндеттерін орындауға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар (бұйырулар) мен өкімдер беруге тыйым салынады.
5. Əскери қызметшілерге олардың мəртебесін куəландыру үшін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, əскери қызметшінің жеке куəліктері (əскери билеттер) жəне (немесе) қызметтік куəліктер беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарының жедел-іздестіру жəне барлау қызметін жүзеге асыруға уəкілеттік берілген офицерлік құрамының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі əскери барлау органдарының қызметтік куəліктері беріледі.
Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды.
7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне өздерінің жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куəліктер мен жетондар беріледі.
Қызметтік куəліктер мен жетонды беру, пайдалану тəртібін жəне олардың сипаттамасын уəкілетті органның басшысы айқындайды.
Əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қызметтік куəлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары
1. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған шектеулерді ескере отырып пайдаланады.
1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.
3) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескере отырып, қызметі бойынша жоғарылатылуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
3-1) өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен əрекеттерге үш айдан кешіктірмей жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
7) осы Заңға сәйкес әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
2. Әскери қызметшілердің қару алып жүру қағидалары жалпы әскери жарғыларда айқындалады. Әскери қызметшілердің соңғы шара ретінде мынадай:
1) күзетілетін әскери және азаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің үй-жайлары мен құрылыстарына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру;
2) қаруды және әскери техниканы күшпен тартып алу әрекетінің жолын кесу;
3) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды, егер өзге тәсілдермен және құралдармен оларды қорғау мүмкін болмаса, олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаудан, оның ішінде жануарлардың шабуыл жасауынан қорғау;
4) егер өзге тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын еңсеру, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қарулы қарсылық көрсететін не ауыр, аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қаруланған адамды ұстап алу;
5) кепілге алынғандарды, басып алынған күзетілетін объектілерді, құрылыстар мен арнайы (әскери) жүктерді босату;
6) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, сондай-ақ оларды күштеп босатуға жасалған әрекеттердің жолын кесу;
7) дабыл белгілерін беру немесе көмекке шақыру;
8) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында жеке немесе бөлімше құрамында қару қолдануға құқығы бар.
Кенеттен қарулы шабуыл жасауды, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, теңіз және өзен кемелерін пайдалана отырып шабуыл жасауды, сондай-ақ қамаудан қарумен қашып шығуды қоспағанда, қару қолданбай тұрып, оны қолдану ниеті туралы ескерту жасау көзделуге тиіс.
Әскери қызметші қаруды қолданған және пайдаланған кезде айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар әскери қызметшінің немесе басқа да адамдардың өміріне қатер төндіретін терроризм актісін, қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не топтасып шабуыл жасаған, егер ондай шабуыл жасауға өзге де тәсілдермен және құралдармен тойтарыс беру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
Әскери қызметші қару қолданудың немесе пайдаланудың әрбір жағдайы туралы командирге (бастыққа) баяндайды.
3. Əскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;
2) белгіленген тәртіппен әскери ант қабылдауға;
3) командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға;
3-1) Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде өзін ротациялау туралы уəкілетті орган басшысының шешімін орындауға;
4) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалдарға қатысуға;
5) тәртіпті, қырағы болуға және мемлекеттік құпиялардың жария етілуіне жол бермеуге;
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
7) əскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;
8) уәкілетті органдардың басшылары бекітетін дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға;
9) өзіне сеніп берілген қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар лауазымды адамдарының міндеттері жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
3. Келісімшарт бойынша әскери қызметші әскери қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде әскери қызмет өткеру кезеңіне әскери қызметшінің меншігінде болатын оған заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, пайлық инвестициялық қорлардың ашық және аралық пайларын, сондай-ақ оған мүліктік жалға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, оларды пайдаланудан кіріс алынатын коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.
4. Əскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу
1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партияларда, кәсіптік одақтарда, діни бірлестіктерде тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге;
2) әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет болмаса, басқа ақылы қызметпен айналысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдардың істері бойынша өкіл болуға;
5) әскери мүлік пен оның қызметтік істерін қамтамасыз ететін басқа да құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және оған қатысуға;
7) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;
8) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;
9) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уəкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.
Куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару əскери қызметтен шығаруға алып келеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау
1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.
2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:
2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;
3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;
4) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Бастапқы әскери даярлық
1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
2. Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылар алдында одан өтедi.
3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
2. Тәрбиеленушілердің әскери даярлықтан өту және барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етілу тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда- ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.
Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.
2. Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.
3. Өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.
4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша білім алатын əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.
6. Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде əскери қызметші мəртебесіне ие болмайды.
7. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.
12. Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13-бап. Азаматтарды жоғары білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігіне, сондай-ақ әскери оқытылған резервті толықтыру қажеттігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау – өтеусіз және өтеулі негіздерде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеулі негізде жүргізіледі.
2. Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісінше "запастағы лейтенант" немесе "запастағы кіші сержант" әскери атағы беріледі.
3. Азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту
1. Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:
1) ерлер – он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;
2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер – он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
3. Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ
15-бап. Әскери есепке алу
1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.
2. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.
3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
4. Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тиісті әскери басқару органдарында (басқару органдарында), әскери бөлімдерде (бөлімдерде) және мекемелерде есепке алуға жатады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу
1. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.
2. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.
3. Азаматтарды əскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жəне медициналық куəландыруды Қорғаныс министрлігі бекітетін Əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына жəне Қарулы Күштерде əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əкімдері ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді.
4. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.
Медициналық (əскери-дəрігерлік) комиссия əскери қызметке жарамсыз деп танып, əскери есептен алып тасталған азаматтар əскери есепке қабылданбайды.
Әскери-дәрігерлік комиссия әскери есептен шығарып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.
5. Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.
6. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) шешімімен мынадай құрамда тіркеу комиссиясы құрылады:
1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті əскери басқару органының өкілі;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы;
хатшы.
Аудандық (қалалық) тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы, осы жұмысты жүргізу және қамтамасыз ету тәртібі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының (әкімнің) шешімімен жыл сайын бекітіледі.
Азаматтарды əскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу графигін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері, сондай-ақ əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:
1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
2) алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;
4) əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жергілікті әскери басқару органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есепке алу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
3. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.
4. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде), туған күні мен жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.
5. Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшiне енген үкімдер туралы хабарлауға мiндетті.
6. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлауға міндетті.
7. Денсаулық сақтау ұйымдары әскерге шақыру басталар алдында жергілiкті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша стационарлық емделуде болатын және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтердi хабарлауға міндетті.
8. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі.
9. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті орган жергілікті əскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мəліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Әскери қызметтің мазмұны
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;
2) осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
2) əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады.
2. Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады.
3. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты теңестiріледi.
4. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.
Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.
Әскери кафедралардың студенттері оқу-жаттығу жиындарынан өту кезеңінде әскери ант қабылдайды.
5. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы. Әскери атақтар
1. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:
3) офицерлер құрамына бөлінеді.
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мынадай әскери атақтар белгiленедi:
әскери |
корабльдік |
1) сарбаздар (матростар) құрамы |
|
қатардағы жауынгер |
матрос |
ефрейтор |
аға матрос |
2) сержанттар (старшиналар) құрамы |
|
кіші сержанттар құрамы |
|
кiшi сержант |
екiншi сатылы старшина |
сержант |
бiрiншi сатылы старшина |
аға сержант |
бас старшина |
аға сержанттар құрамы |
|
үшiншi сыныпты сержант |
үшiншi сыныпты старшина |
екiншi сыныпты сержант |
екiнші сыныпты старшина |
бiрiншi сыныпты сержант |
бiрiншi сыныпты старшина |
жоғары сержанттар құрамы |
|
штаб-сержант |
штаб-старшина |
шебер-сержант |
шебер-старшина |
3) офицерлер құрамы |
|
кiшi офицерлер құрамы |
|
лейтенант |
лейтенант |
аға лейтенант |
аға лейтенант |
капитан |
капитан-лейтенант |
аға офицерлер құрамы |
|
майор |
үшiншi дәрежелi капитан |
подполковник |
екiншi дәрежелi капитан |
полковник |
бiрiншi дәрежелi капитан |
жоғары офицерлер құрамы |
|
генерал-майор |
контр-адмирал |
генерал-лейтенант |
вице-адмирал |
генерал-полковник |
адмирал |
армия генералы |
|
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі
Әскери атақтарда еңбек сiңiрген мерзiмi мынадай:
1) сержанттар (старшиналар) құрамына:
кіші сержанттарға - бір жыл;
сержанттарға - екі жыл;
аға сержанттарға - үш жыл;
3-сыныпты сержанттарға - төрт жыл;
2-сыныпты сержанттарға - бес жыл;
1-сыныпты сержанттарға - алты жыл;
2) офицерлер құрамына:
лейтенанттарға - екі жыл;
аға лейтенанттарға - үш жыл;
капитандарға (капитан-лейтенанттарға) - төрт жыл;
майорларға (үшiншi дәрежелi капитандарға) - бес жыл;
подполковниктерге (екiншi дәрежелi - жеті жыл;
капитандарға)
болып белгіленеді.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Әскери лауазымдар
1) қатардағы жауынгерлер құрамының;
4) жоғары офицерлер құрамының лауазымдарына бөлiнеді.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.
Қашықтан оқытуды қолдана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына қабылданған келісімшарт бойынша əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.
7) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Ротация
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
Əскери прокуратура органдарының əскери қызметшілері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде уəкілетті орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сай келеді;
3) атқаратын лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сай келмейді және қызметтен шығаруға ұсынылады.
Ескерту. 4-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24-бап. Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары
1. Әскери қызмет мерзiмдерi күнтiзбелік есеппен:
1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн – он екi ай;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін – жиырма төрт ай;
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы
1. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы:
1) сарбаздар мен кіші сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне – қырық бес жас;
2-1) подполковниктерге – қырық сегіз жас;
4) генерал-майорларға (контр-адмиралдарға), генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) – алпыс жас;
5) генерал-полковниктерге, адмиралдарға және армия генералдарына – алпыс үш жас болып белгіленеді.
Шекті жасқа толған əскери қызметшіге баянаты бойынша уəкілетті органның басшысы:
1) ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, магистр немесе доктор дəрежесі болған жəне ол əскери оқу орындарында, əскери кафедраларда оқытушылық немесе ғылыми қызметті жүзеге асырған;
2) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызмет өткеруге жарамды, емдеу қызметін жүзеге асыратын медицина персоналы лауазымында немесе мемлекеттік авиацияда ұшу құрамының лауазымында не əскери прокуратура органдары офицерлік құрамының лауазымында əскери қызмет өткерген, жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тəжірибесі болған жағдайларда, онымен жаңа келісімшарт жасасу арқылы əскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-бап. Әскери қызметтен шығару
1) әскери қызметте болудың шектi жасына толу;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзiмінің аяқталуы;
3) келісімшарт мерзімінің аяқталуы;
8) мынадай отбасы жағдайлары бойынша:
9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану немесе тағайындалу;
10) судья лауазымына сайлану немесе тағайындалу;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
12) арнаулы тексеруден өтуден бас тарту;
13) мынадай теріс себептер бойынша:
қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру;
əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісінің анықталу, сондай-ақ оны өтуден бас тарту немесе жалтару;
әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы;
осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу;
арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы əскери қызметшісінің қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы дəлелсіз себептермен қызметте болмауы;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар;
осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) жəне пайдалану кіріс алуға əкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
14) аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметіне сай келмеу;
2. Мерзімді қызмет әскери қызметшісі:
күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға – төрт айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін болғандарға – бес айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін болғандарға – алты айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін болғандарға – жеті айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайтадан кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақысы – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған адамдарға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшері де ұлғаяды. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте тұратын офицерлік құрамның қызметтен шығарылған әскери қызметшілерінің әскери атақ бойынша айлықақылары қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы төлеуге жатпайды.
Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқыту уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражатты өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге қатысты беріледі.
Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады.
Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда, өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты өтелместен, мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Əскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-1-бап. Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының президенттік резерві
Ескерту. 4-тарау 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру:
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
7. Алып тасталды - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы:
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді;
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:
1) әскери қызметке шақырылуға жатқызылады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырылудан босатылсын;
4) әскери міндеттiлiкті атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.
Заңды күшіне енген соттың шешімін тиiстi әскерге шақыру комиссияларының орындауы міндеттi.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-бап. Медициналық комиссиялар
1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) əскерге шақырылушыларды;
3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;
4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.
2. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
33-бап. Әскери мiндеттілердi әскери жиындарға шақыру
1) орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдігінің қаулысы негізінде əскери жиындарға шақырылады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:
2) білім алуды жалғастыру үшін;
4) басқа да себептер бойынша беріледі.
2. Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
3) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға беріледі.
3. Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
1) білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;
3) жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі.
5. Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
6) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.
7. Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
1. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
2. Әскери жиындарға шақырудан:
2) мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
4) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, оқу жылы кезеңiне;
5) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
7) әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;
8) он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;
6. Соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт
2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға жəне əскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының жəне кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас;
кіші офицерлік жəне аға сержанттық құрамдардың лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас;
аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;
4) əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) əскери-дəрiгерлiк комиссияның қорытындысына сəйкес əскери қызметміндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
7) əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;
12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, əжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) жəне оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
14) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
15) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
39-бап. Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу
1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;
қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;
"Алтын белгі" белгісімен наградталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.
Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.
4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери оқу орнына қайта қабылданбайды.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге "кіші сержант" əскери атағы беріледi.
Əскери-медициналық факультеттің курсанттарына "медицина қызметінің лейтенанты" əскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.
Əскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын əскери қызметшілер ауыспалы құрамның əскери интерні əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жолдамасы бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің, мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің және мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдары қашықтан оқытуды қолдана отырып қана білім алады.
3. Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.
4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған əскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
5. Әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
Ескерту. 6-тарау 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
40-бап. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi
1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:
1) үш жылға – келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;
4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41-бап. Запасқа қою
1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың:
қатардағы жəне сержанттық құрам қатарынан;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептер бойынша;
келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығарылған қызметкерлері;
2) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызметтен өтпеген;
4) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы
1. Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы – елу жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамы үшін – алпыс жасты қоса алғанда.
2. Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы үшiн – отыз бес жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамының адамдары үшiн – қырық бес жасты қоса алғанда.
43-бап. Әскери жиындардан өту
2. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.
5. Арнайы жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:
1) еңбек сіңірген жылдары;
2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;
3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Əскери қызметшілерге ақшалай ризық:
1) дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған;
2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген;
3) қамақта болған кезеңдерде;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға әскери қызметшілердің жұмсаған меншікті қаражатын, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдер болған кезде мемлекет есебінен санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде;
2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде;
3) тәуліктік нарядты атқарған кезде;
4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде;
5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде;
6) маяктарда вахтада тұрған кезде;
7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде;
10) әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық емделуде болған кезде;
11) гауптвахтаға жапқан кезде;
Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.
8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің:
1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған;
2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;
3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан;
5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан;
6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан;
7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;
8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;
9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;
10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;
11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;
12) мыналармен:
əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен;
қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен;
қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.
Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым жəне əрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 321-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.12.2017 № 114-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
46-бап. Әскери қызметшілердің демалыстары
1) кемінде он жыл – 30 тəулік;
2) он жылдан он бес жылға дейін – 35 тəулік;
3) он бес жылдан жиырма жылға дейін – 40 тəулік;
4) жиырма жəне одан көп жыл – 45 тəулік.
Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
Ескерту. 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап. Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру
Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін әскери қызметшілер құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 321-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мөлшерінің шегінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде емделуге жұмсалған жеке қаражатты көрсетілген адамдарға, құрылымында олар әскери қызметті өткерген уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.
3. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.
Осы тармақтың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.
Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда әскери қызметшілерге өтемақы төлеу
1) I топтағы мүгедекке – отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.
1) I топтағы мүгедекке – 250 айлық есептiк көрсеткiш;
2) II топтағы мүгедекке – 150 айлық есептiк көрсеткiш;
3) III топтағы мүгедекке – 50 айлық есептiк көрсеткiш;
4) ауыр мертіккені үшiн – 12 айлық есептiк көрсеткiш;
5) жеңiл мертіккені үшiн – 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiржолғы өтемақылар төленедi.
4. Егер әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе ол алған мертігу:
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
Қайтыс болған, әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.
Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру
Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;
уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы
1. Әскери тәртіпті бұзғаны үшін командир (бастық) әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың:
4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) лауазымында бір сатыға төмендету;
6) әскери атағын бір сатыға төмендету;
7) теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату түрлерін қолданады.
1) әскери бөлім орналасқан жерден немесе корабльден жағалауға кезекті сейілге шығудан айыру;
2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың кеуде айырым белгісінен айыру.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
54-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
55-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген "старшина", "аға кеме старшинасы", "прапорщик", "мичман", "аға прапорщик", "аға мичман" әскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған әскери атақтары сақталады.
3. Осы Заңда әскери қызметте болудың шектi жасы өзгертiлген әскери қызметшiлер мынадай шектi жасқа:
1) подполковникті (екінші дәрежелі капитанды) қоса алғанда – қырық бес жасқа;
2) полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) – елу үш жасқа;
15 жылдан 20 жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қаражат;
20 жылдан 25 жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қаражат;
25 жылдан 30 жылға дейінгілерге – жеті айлық ақшалай қаражат;
30 жылдан астамдарға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді.
3 жылға – 1 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
5 жылға – 10 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
10 жылға – 20 лауазымдық айлықақы мөлшерінде.
Алынған біржолғы ақшалай сыйақы:
10. Осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап:
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының |
Н. НАЗАРБАЕВ |