National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның шешімімен 2021 жылдың үшінші легіндегі стипендия 569 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура мен докторантура бағыты бойынша білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан (оның ішінде «Ғалымдар» санаты да бар) өтуге жіберіледі.

Осы жылы «Қашықтан оқыту методологиясы мен әдістемесі. Педагогикалық платформаларды әзірлеу», «STEM пәндерін оқыту әдістемесі», «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық», «Педагогикалық инновациялар», «Биология, молекулалық биология, биохимия», «Вирусология. Жұқпалы аурулар. Эпидемиология», «Цифрлық экономика. Сандық Маркетинг» және т. б. сияқты мамандықтар сұранысқа ие болды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы