National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес

«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Кеңес «Астана» халықаралық қаржы орталығын (бұдан әрі –  Орталық) басқарудың жоғары органы болып табылады.

 

Кеңестің негізгі міндеттері:

1. Орталықты дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау;

2. қаржылық қызметтердің жетекші халықаралық орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.

 

Кеңес өзінің міндеттерін орындау үшін:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 4-бабының 3 тармағында көзделген шекте Орталықтың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша оның қаулылар түріндегі актілерін қабылдайды;

- Орталық органдарының құрылымын айқындайды;

- Орталықтың Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің басшылығын тағайындайды;

- Орталық мақсаттары үшін өзге органдарды құру, олардың нысандарын, құзыреті мен функцияларын айқындау, сондай-ақ оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдайды;

- Орталық Әкімшілігі акционерлерінің жалпы жиналысының (жалғыз акционерінің), директорлар кеңесі мен басқармасының өкілеттіктерін, директорлар кеңесі мен басқармасының сандық құрамын, оларды сайлау тәртібін және мүшелері өкілеттіктерінің мерзімін, сондай-ақ директорлар кеңесі мен басқармасы мүшелерінің сыйақы мөлшерін айқындау тәртібін айқындайды;

- соттың құрамын, соттың судьялары мен басқа лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және босату тәртібін, судьялар мен соттың басқа лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптарын және Орталық сотының жұмыс істеуіне қатысты басқа да мәселелерді айқындайды;

- Халықаралық төрелік орталықты қалыптастырудың және жұмыс істеуінің негіздерін айқындайды;

- Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітеді;

- өз құзыреті шегінде және Орталық қызметін жетілдіру мақсатында басқа да мәселелерді қарайды.

 

Кеңестің құрамы

Кеңес төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Кеңес төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылады.

Кеңестің мүшелері қызметі бойынша: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің төрағасы,       АХҚО биржасы (Astana International Exchange) Директорлар кеңесінің төрағасы, Абдулхамид Мохаммед Саид Алахмади (Abdulhamid Mohammed Saeed Alahmadi) (келісім бойынша), Стефани фон Фридебург (Stephanie von Friedeburg) (келісім бойынша) болып табылады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару