1975 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ мемлекеттік экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. Іскерлік басқару магистрі. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. 1998-2002 жылдары – «Қазақойл» акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры; 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры; 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары; 2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы; 2010-2024 жылдары – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы; 2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.