Армысыңдар, әскерлер!
Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
Қымбатты отандастар!
Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы!
Баршаңызды осы ұлық мерекемен – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халық – биліктің қайнар-көзі, Конституция – көптің киелі сөзі.
Қазақстан халқының қалауымен өмірге келген Негізгі Заңымыз – тәуелсіздікпен егіз ұғым!
Біз кемел Конституцияны Тәуелсіздік арқылы қабылдадық.
Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады.
Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді.
Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік.
Ұлы далада жаңа тұрпатты қуатты мемлекет құрып, ұлысты ұйыстырдық.
Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік.
Экономикалық әлеуетіміз еселеп артып, шуақты Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды.
Арқаның төсінде азаттығымыздың асқақ нышаны болған әсем Астананы тұрғыздық.
Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады.
Елордада өткен ғасыр саммиті, Азиада ойындары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам үмбетінің басқосулары – бұған дәлел.
Біз осылайша тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақ елін дүние жүзіне паш еттік.
Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық.
Еліміз енді инновацияларға негізделген индустриялық даму жолына бет алды.
Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек!
Конституция күнін соңғы жылдары өзге мерекеден бөлекше атап өтуіміз бекер емес.
«Қазақ елі» алаңындағы әскери парад мемлекетіміздің айбынын асырып, қуат-күшін танытатын дәстүрлі шараға айналды.
Құрметті сардарлар мен сарбаздар!
Ен даланы еркін жайлаған елімізде ежелден ерлердің еншісі Отан қорғау болған!
Бабадан құтты мұра болған бұл қастерлі борышты бүгінде антқа адал ерлер атқаруда.
Өскелең ұрпақ елі үшін қасық қанын қиған жаужүрек бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыруда.
Байтақ жеріміздің, бейбіт еліміздің тыныштығын қас қақпай күзету – қашанда мерейлі мәртебе, асқақ абырой.
Біздің ұлттық әскеріміз – ұлыстың берік қорғаны, тәуелсіздіктің мығым тірегі!
Мемлекет айбынды армиямыздың әрдайым қынаптағы қылыштай бабында болуына зор мән береді.
Бүгінгі шара – соның жарқын айғағы.
Уважаемые казахстанцы, соотечественники!
Наша страна приближается к грандиозному историческому событию нашего народа – 20-летию Независимости Казахстана!
В череде юбилейных торжеств День Конституции занимает особое место.
По всей стране сегодня проходят праздничные мероприятия, наполненные духом патриотизма!
От всего сердца поздравляю всех наших граждан с общенародным праздником!
Дорогие соотечественники!
Сегодня Основной закон – наша Конституция – является фундаментом успешного пути Казахстана в 21-м веке.
Конституция – творение единой всенародной воли.
Благодаря Основному закону мы уверенно преодолели рубеж исторических эпох.
Впервые на древней казахской земле создано стабильное, крепкое, процветающее государство.
Мощь нашего единства – это истинное богатство всех поколений нашего народа.
Граждане Казахстана живут в мире и дружбе под общим стягом Независимости.
Возрастающая роль Ассамблеи народа Казахстана, Съезды лидеров мировых религий – всё это благодатная нива всеобщего согласия.
Конституция предоставила равные возможности всем казахстанцам.
В этом наивысшая ценность нашего Основного закона.
Мы вместе построили новую страну.
Здесь нашли общий язык культуры Востока и Запада.
Всего за 20 лет мы создали успешную экономику.
Сегодня Казахстан уверенно входит в число 50-ти наиболее динамично развивающихся стран мира.
На стыке веков мы возвели самую молодую в мире, единственную в 21-м веке столицу – город Астану.
Величавая столица наша скрепила Казахстан особым духом Независимости, духом побед и новых свершений!
Астана – мегаполис будущего, который удивляет весь мир и будет ещё удивлять сотни лет.
Во всех городах, районных центрах, аулах открываются новые больницы, строятся современные школы.
Даже в условиях глобального кризиса мы повышаем заработные платы и пенсии.
Все наши успехи достигнуты благодаря единству, согласию в обществе, нашей твердой приверженности главным ценностям Конституции страны.
Вчера исполнилось ровно 20 лет с того дня, как я подписал Указ о закрытии Семипалатинского ядерного полигона, десятилетиями терзавшего нашу многострадальную землю.
Этим поистине историческим шагом мы внесли неоценимый вклад в гармоничное развитие всего человечества.
Наши славные защитники Отечества!
Беречь покой общего дома – ваш святой долг!
Вы стоите на страже Конституции, защищаете Независимость нашей Родины!
Казахстан – это единственная страна, которая в День Конституции проводит военный парад.
Это наша уникальная традиция!
Она показывает и мощь государства, и наши мирные достижения – единство и сплоченность общества.
Я обращаюсь к каждому из вас!
Будьте достойны своего высокого призвания!
Крепите боевой дух, повышайте военное мастерство!
Безопасность и нерушимость казахстанских границ – в ваших руках!
Да здравствуют казахстанские Вооруженные Силы!
Қымбатты қазақстандықтар!
Тәуелсіздіктің 20-шы жылындағы бүгінгі Конституция күнінің маңызы айрықша.
Бүгінгі мерейлі мереке дүниежүзі мұсылмандардың ұлық мейрамы – Ораза айтпен тұспа-тұс келіп отыр.
Еліміздегі мұсылман жамағатын қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!
Ұлттық армиямыздың айбыны арта берсін!
Отанымыз – Қазақстан жасасын!
Мереке құтты болсын!
Астана, «Қазақ Елі» алаңы, 2011 жылғы 30 тамыз