National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Теміртау қаласында Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Ерлан Қарин сапар аясында ішкі саясат мәселелері бойынша жиын өткізді. Басқосуға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қала және аудан әкімдері, аймақтағы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айқындап берген міндеттерді жүзеге асыру, ішкі саясат саласындағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде қоғамдық келісімді, этносаралық және дінаралық татулықты нығайту, ономастика, ақпарат және жастар саясаты мәселелері талқыланды.

Одан кейін Мемлекеттік кеңесші өңірдің шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездесу өткізді. Пікір алмасу барысында Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайда Президент көтерген әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық бастамалар туралы айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Басқосуда Қазақстан жастарын жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды. Кеңес отырысы аймақтағы ең ірі өндірістік кәсіпорын – «Qarmet» металлургиялық комбинатында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Сапар қорытындысы бойынша жастар саясаты және мәдени-гуманитарлық даму бағытында атқарылып жатқан жұмысты жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы