ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы жолдамалы бригадасының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2025 жылғы 18 қараша № 1096