Құрметті Қуаныш Сұлтанұлы!
Құрметті қауым!
Алдымен баршаңызды Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдауына 67 жыл толуымен және бүгінгі халықаралық Адам құқығы күнімен құттықтаймын.
Адамзат тарихында алғаш рет адам құқықтарының кешенді тұжырымдамасын қамтитын осы әмбебап халықаралық құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласында қабылдаған пактілері мен конвенцияларының негізгі іргетасын қалады.
Әлемнің көптеген елдерінің конституцияларында, соның ішнде тәуелсіз Қазақстанның Ата заңында да Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізгі ережелері мен қағидаттары енгізілген.
Адам құқығы – Қазақстан Республикасының басым бағыты, жоғары құндылығы.
Ұлы Дала Елінің мемлекеттік саясатының негізгі өзегі адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға және қорғауға бағытталғанын ерекше атап өткім келеді.
Қазақ халқы ежелден халықтық демократияны ұстанған, адамның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құрметтеп, бұл тетіктерді ел басқарудағы үрдістерде, ішкі және сыртқы саясатта аса шеберлікпен қолдана білген.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап, Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, сақтау мен қорғауға міндеттеме алып, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығына қатысты алпыстан астам халықаралық келісім-шарттарын ратификациялады.
Ата Заңымыздың 30 бабы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға бағытталған.
Қазақстан өзінің 24 жылдық Тәуелсіздігінде халықаралық қатынастарды нығайтуда, экономика, білім, ғылым, мәдениет салаларында, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау мен сақтауда елеулі жетістіктерге жеткенін өздеріңізде білесіздер.
Қазақстан адам құқығын қорғауда өзінің халықаралық міндеттемелерін әрдайым басшылыққа алып отырады. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымының және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың беделді мүшесі.
Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі кеңесіне және оның Бюросына мүше.
Өткен бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасы өзінің адам құқықтары саласында қабылдаған міндеттемелеріне байланысты дайындалған төрт ұлттық баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде және конвенциялық органдарында сәтті қорғап шықты.
Бұл, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы салиқалы қызметіне берілген жоғары баға әрі еліміздегі адам құқықтарының сақталуы мен қорғалуына ерекше көңіл бөлініп отырғанының нәтижесі.
Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы адам құқықтарының жаһандық ауқымда сақталуына да үнемі көңіл бөліп отыратыны белгілі. Соның бір мысалы Елбасының БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында Жаһандық антиядролық қозғалыс құру маңыздылығын арттыру арқылы әрбір адамның ядролық сынақтарға тыйым салу ісіне өз үлесін қосуы мүмкіндігін беретін және мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін орындауы, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру жөніндегі ауқымды ұсыныстары ең біріншіден әлемдегі барлық азаматтардың құқықтарының сақталуына бағытталған.
Уважаемые участники форума!
Значение Всеобщей декларации прав человека, которая была принята Генеральной Ассамблеей ООН 10 декабря 1948 года, трудно переоценить. Она явилась первым документом в истории человечества, в котором были раскрыты концепции гражданских, политических, социальных, экономических и культурных прав и свобод человека.
Всеобщая декларация прав человека дала мощный импульс делу развития международной системы защиты прав человека. Декларация стала вдохновением для принятия национальных законодательных актов, которые помогли государствам осуществлять их международные обязательства в области прав человека, создавая тем самым основу для норм международного права в этой области. Даже сегодня она остается центральным элементом в деятельности Организации Объединенных Наций в сфере прав человека, той универсальной нормой, которая обеспечивает и защищает основные права и свободы человека. Это одновременно источник вдохновения для грядущих поколений.
Государственная политика Казахстана в сфере защиты прав человека базируется на общепризнанных международных принципах, зафикисированных в Уставе ООН, Всеобщей декларации прав человека, Международных пактах о гражданских, политических, экономических, социальных и культурных правах, иных международных договорах с учетом специфики исторического, культурного и экономического развития страны.
Права человека являются одним из важнейших приоритетов в деятельности Казахстана. Ярким подтверждением курса на последовательное укрепление демократии и прав человека стала ратификация Республикой Казахстан основополагающих международных правовых актов в сфере защиты прав человека и поэтапная реализация ею рекомендаций конвенционных органов ООН.
Стратегия развития Республики Казахстан, предложенная Лидером Нации Нурсултаном Назарбаевым, основывалась на главном постулате – «сначала экономика, а потом политика».
Время подтвердило правильность стратегии Республики Казахстан – обеспечение прочной социально-экономической основы для эволюционного продвижения политических и правовых реформ.
Выверенная социальная политика государства, основанная на прочном экономическом фундаменте и повышение качества жизни граждан стали ключевыми факторами правового развития страны.
Предложенные Главой государства пять институциональных реформ и Программа «100 конкретных шагов» по их реализации являются фундаметальным документом и Планом нации по вхождению нашей Республики в число 30 развитых стран мира.
В названном Плане нации особое внимание уделяется правозащитным механизмам, актуальным вопросам обеспечения законности и верховенства права в казахстанском обществе.
В настоящее время, мероприятия, предусмотренные в Плане нации, поэтапно и успешно реализуются на практике.
Следует отметить, что за годы Незавимости Казахстаном проделана значительная работа по утверждению принципов правового государства и демократических традиций, заложенных в Конституции.
В республике создана динамично развивающаяся национальная система защиты прав человека, одним из системообразующих элементов которой являются Комиссия по правам человека при Главе государства и институт Омбудсмена.
При этом Комиссия активно занимается стратегическими вопросами прав человека в Казахстане, является надежным связующим звеном между институтами гражданского общества и государственных органов.
Уважаемые участники форума!
В завершение хотелось бы выразить благодарность партнерам Комиссии по правам человека: Программе Развития ООН в Казахстане, Международной организации по миграции, Представительству Европейского Союза и Офису Программ ОБСЕ в Астане, а также правозащитным НПО за конструктивное сотрудничество в сфере защиты прав человека.
Желаю всем участникам круглого стола плодотворной и результативной работы в этой трудной, но вместе с тем чрезвычайно благородной и необходимой задаче по защите основных прав и свобод человека.
Құрметті қауым!
Сөзімді қорытындылай келе, баршаңызды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға зор денсаулық, баянды бақыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!