Қымбатты балалар! Құрметті астаналықтар!
Бүгін біз тамаша мереке, баршамыз үшін ерекше қуанышты күн – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудеміз!
Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күнін бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап келеді. 1949 жылы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында балаларға арнап мереке өткізу шешімі қабылданса, Біріккен Ұлттық Ұйымы бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыты деп жариялады.
Дәстүрінде балаға бей-жай қараймайтын мемлекетіміз бүлдіршіндерімізге арналған бұл мерекені де ерекше көңіл-күймен атап өтеді.
«Бала - адамның бауыр еті» дейтін дана халқымыз олардың денсаулығына, дұрыс тәрбие, жақсы білім алуына үлкен көңіл бөліп, дүниеге келген күнінен бастап әлпештеп, аялап өсіре білген. Бұл – әрбір елдің, әрбір мемлекеттің жарқын болашағы жастардан, осы балғын балалардан басталады деген сөз. Міне, сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бақытты балалық шақ үшін барлық қолайлы жағдайды жасап, үнемі қамқорлық танытып отырады.
Біздің мақсат – әлем елдерімен қатар тұрып, әлемде ерекше орын алатын Тәуелсіз мемлекет, тұрмысы жақсы, ұрпағы болашаққа қарайтын бағытты Мәңгілік Ел болу.
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Келісім, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда нәтижелі істерге қол жеткізуге болады. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, алға басып келеді.
Келешекте оны одан әрі көркейте түсу, Отанымыздың, өсіп-өркендеуіне адал қызмет жасау сіздердің басты міндеттеріңіз болады деп ойлаймын. Тек сіздердің білімдеріңіз бен талаптарыңыздың арқасында ғана біз әрі қуатты, әрі бай Қазақстанда өмір сүре аламыз!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты балалар! Өмірде қадамдарыңыз нық болып, еліміздің игілігіне арналған бастамалардың иесі болыңыздар. Сіздерге жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін дей отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс және осы мерекені жақсы атап өтуге тілектеспін!
Дорогие друзья!
Сегодня по давней доброй традиции мы отмечаем замечательный праздник – Международный день защиты детей. Этот праздник отмечают во всем мире с 1950 года.
Решение о его проведении было принято Международной демократической федерацией женщин на специальной сессии в ноябре 1949 года. ООН поддержала эту инициативу и объявила защиту прав, жизни и здоровья детей одним из приоритетных направлений своей деятельности.
Международный день защиты детей - особый праздник, который призван напомнить нам об ответственности за подрастающее поколение, за судьбу и благополучие детей, за их будущее.
Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев с первых дней обретения независимости делает все, чтобы у наших детей было счастливое детство, хорошее образование, чтобы они были здоровыми, окружены любовью и заботой взрослых.
В целях совершенствования национальной системы защиты прав детей и поддерживая усилия мирового сообщества по формированию среды, комфортной и доброжелательной для жизни детей Президентом Республики Казахстан подписан Указ о создании института Уполномоченного по правам ребенка.
Эти и другие достижения нашей страны в обеспечении и продвижении прав детей признаны отечественными и международными экспертами.
За 25 лет Независимости Казахстан достиг значительных успехов. Строятся новые современные школы, детские сады, больницы, спортивные сооружения, детские площадки, действуют благотворительные фонды и другие организации. Только в нашей столице Астане детские сады посещают около 40 тыс. детей, учатся более 117 тысяч школьников.
Мы гордимся нашими умными, талантливыми и добрыми детьми! Многие из вас успешно выступают на международных конкурсах и олимпиадах.
Я уверена, что когда вы станете взрослыми, то сделаете нашу столицу еще прекраснее, а наш Казахстан – процветающим государством.
С праздником, дорогие дети! Желаю вам интересных и веселых каникул, счастья, здоровья и благополучия!
Астана, 1 июня 2016 г.