National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Государственный советник


Выступление Государственного секретаря Республики Казахстан Г.Абдыкаликовой на акции памяти у монумента благодарности казахскому народу «Қазақ халқына мың алғыс»

 

Қымбатты отандастар!

Ардақты ағайын!

Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жиналып отырмыз. Халқымыздың ерлік пен елдікке толы жылнамасында  қайғылы да қасіретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы шындық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген баталы сөзі тарихи сананы жаңғыртуға бағыт берді. Тәуелсіздік жылдарында ел шежіресінің ақтаңдақ беттері ашылып, мемлекет тарихы жаңа мазмұнда, жаңа көзқараста жазылып келеді. Тарихшылардың мәліметінше ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам көз жұмған. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әрең жеткені - бұл қасыретті нәубеттің қаншалықты ауыр болғанын айғақтайды.

Ашаршылықтың ізін ала репрессия келді. Кеңестік тоталитаризмнің жалаң қылышы мен зұлмат пиғылы ешкімді таңдап, талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағында миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың қатарында ұлттық рухты оятқан Алаш арыстары мен тұтастай қазақ зиялылары құрбан болды. «Алаш» партиясы  құрылған сол қаралы тарихи кезеңде Орал өңірінің де көрген тауқыметі мен тартқан ауыртпалығы, еңсерген жүгі мен  егілткен қайғы-мұңы есепсіз деуге болады. Кейінгі ұрпақ, қазақ жерін, халқының болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен бабалары мен аталарының  мәңгілік мекеніне айналған қасиетті жері ретінде қастерлей білуі – перзенттік борыш болуы тиіс.

Репрессияға тек қазақ халқы қана ұшыраған жоқ. Қанды жылдарда қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанға миллиондаған адам күшпен көшіріліп әкелінді. Олардың қатарында корейлер, финдер, немістер, поляктар, күрдтер мен қарашайлар, месхеттік түріктер, кавказдықтар және басқа да көптеген ұлыстар бар. Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қанды қасаптардан есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды. Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды. Төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-өркендеу жолына түсті. 

1997 жылы Елбасының жарлығымен 31-мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз шейіт болған азаматтардың есімдерін еске алу, оларға  мінәжәт  жасауды әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың  ұлағатты ісі.

 

Уважаемые участники митинга!

В эти дни по всему Казахстану будут проведены 2730 памятных мероприятий - возложения цветов, митинги, конференции, выставки - с участием 555 тысяч человек, которые вспоминают трагедии прошлого, передают память следующему поколению, чтобы кровь и слезы не повторились в будущем. Только сохраняя память о прошлом можно уверенно идти в будущее. Единый народ, это тот народ, который имеет общую историческую память.

Исторический масштаб репрессий, пережитый нашим народом, не укладывается в сознании! Только за «контрреволюционные преступления» с 1921 по 1954 годы осуждены 3 миллиона 777 тысяч человек, из них расстреляно 642 тысячи. В Казахстане по политическим мотивам осуждено более 103 тысяч человек, 25 тысяч из них приговорены к высшей мере наказания. С 25 февраля по 13 марта 1938 года было расстреляно почти все руководство республики – 650 человек. Среди них выдающиеся писатели - С.Сейфуллин, И.Джансугуров, Б.Майлин, руководители Совнаркома, семь наркомов, председатели облисполкомов, секретари обкомов партии, прокурор и председатель Верховного суда и многие, многие  другие. Расстрелян цвет казахской интеллигенции, репрессированы лучшие сыны и дочери республики, которые посвятили свои жизни служению стране и составляли гордость народа.

Была создана сеть из 11 лагерей: Степлаг, Карлаг, АЛЖИР, Жезлаг и другие. В них находилось около двух миллионов человек. В Казахстан были депортированы 62 этноса, репрессированные тоталитарным режимом. На XV сессии Ассамблеи Глава государства сказал, что «память об этих трагических событиях не разделяет наши этносы, а наоборот, укрепляет нашу дружбу». Это принципиальная позиция Президента Казахстана, Лидера Нации  Нурсултана Абишевича Назарбаева, это его твердая политическая воля. По его инициативе в 1990 году издан Указ «О мерах по оказанию помощи реабилитированным гражданам, пострадавшим от незаконных репрессий в период 40-х и начале 50-х годов, во всех областях открыты музеи, памятники мемориалы, такие как Музейно-мемориальный комплекс «АЛЖИР». Музеи политических репрессий в Караганде, в Шымкенте.

В 1993 году принят Закон «О реабилитации жертв массовых политических репрессий». Прокуратурой реабилитировано более 340 тысяч незаконно репрессированных, изданы 14 «Книг скорби» со списками 146 400 безвинно пострадавших. Активно работают историко-просветительское общество «Адилет», международное общество «Мемориал», ряд республиканских научно-образовательных учреждений. 1997 год в Казахстане Указом Президента объявлен Годом общенационального согласия и памяти жертв политических репрессий. 

Сегодня мы собрались здесь, чтобы почтить память жертв политических репрессий, отдать долг уважения тем, кто в самые тяжкие годы не смирился с несправедливостью и террором, кто в нечеловеческих условиях сумел остаться человеком. В Западно-Казахстанской области были репрессированы  около 4 тысяч человек. В одном только 1937 году расстреляно 1330 человек.  Массовыми были репрессии среди населения нынешнего Акжайкского, Зеленовского районов и города Уральска. В районе Учужного затона, где проходили массовые расстрелы, до сих пор находят личные вещи репрессированных. В 1937 году в Западно-Казахстанскую область были депортированы 1839 семей корейцев, в годы войны в Казахстан выселили почти 25 тысяч греков, многие из которых были расселены в Западном Казахстане. Казахский народ, сделал все, что мог во имя спасения жизней народов, хотя сам пострадал от голода и коллективизации. Солидарность и взаимоподдержка стали генетической основой нашего национального единства, нашего казахстанского образа жизни сегодня.

 

Қадірлі қауым!

Қазіргі таңда қарыштап дамыған Қазақ елінің қарымы құлашты, қадамы айқын екені ақиқат. Қуатты мемлекет қалыптастыруға бет бұрған еліміздің ертеңі жарқын, болашағы баянды болатыны сөзсіз. Біз өркен жайып, биікке өрлеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың тақсыретті беттерін ешқашан ұмытпайтын боламыз. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, жас ұрпақтың санасында мәңгілікке сақталатын болады!

 

г.Уральск, 29 мая 2015 г.


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать