National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Государственный советник


Выступление Государственного секретаря РК Г.Абдыкаликовой на молодежном межрегиональном форуме «Менің жетістігім – Тәуелсіздігімнің жетістігі»

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Құрметті жастар!

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтаған, дәстүрімізді дәріптеген, өндірісін өрістеткен өңірлеріміздің бірі – Ақтөбе қаласында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын!

Бүгінгі жастар форумының басталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың жасампаз күшіне әрдайым сенім артады. Қазақстанның қазіргі заманға сай қарыштап дамуы мен өрлеуінің басты шарты ретінде  қабылдайды.

Біз жастардың жарқын күш-жігері, яғни бәсекеге қабілетті адами капитал арқылы дамудың дара жолы – «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Биыл мемлекетіміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздікке 25 жыл толады. Еліміздің осы ширек ғасырлық мерекесіне Қазақстан халқы, әсіресе жастар жаңа табыстармен үлес қосады деп сенемін.

 

Уважаемые участники Форума!

Я приветствую молодежь из Атырауской, Западно-Казахстанской, Мангистауской, Кызылординской областей, прибывших в Актобе, современный мегаполис оптимизма, креатива и радушия!

Сегодня также в нашем Форуме принимает участие делегация из Оренбургской области Российской Федерации. Давайте поприветствуем их!

Дорогие друзья!

Глава государства уделяет вам, молодежи, особое внимание. Нурсултан Абишевич Назарбаев всегда подчеркивает, что «молодежь – опора нашего будущего. Государство открыло перед новым поколением все двери и все пути!». Сегодня в стране начата масштабная реализация Плана нации Главы государства. Вам, динамичной и креативной молодежи, предоставляется прекрасная возможность для самореализации.

Президент страны в Послании «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы и развитие» объявил, что с 2017 года будет дан старт новому проекту - «Бесплатное профессионально-техническое образование для всех». Он нацелен на освоение молодежью рабочих и технических специальностей для построения наукоемкой экономики.

За годы независимости молодежи созданы все условия для всестороннего развития. Выстроена эффективная модель по работе с подрастающим поколением. В прошлом году на финансирование государственной молодежной политики в регионах направлено более 4 млрд.тенге.

В республике действуют 215 молодежных ресурсных центров, которые обеспечивают адресную работу. С момента создания ими охвачено свыше 2-х миллионов молодых человек.

Продолжается успешная реализация президентской молодежной программы «Болашақ», в рамках которой с 1994 года подготовлено более 8 тыс. высококлассных специалистов.

За 10 лет свыше 200 тыс. молодых людей приняло участие в общенациональной инициативе «Жасыл ел».

По проекту  «С дипломом в село!» выехало более 37 тысяч молодых специалистов. 14 тыс. человек получили кредиты на приобретение жилья на сумму 28 млрд. тенге, им выплачены свыше 6 млрд. тенге подъемных.

 С 2009 года более 167 тыс. молодых людей приняли участие в  проекте «Молодежная практика». Свыше 8 тыс. грантов было выделено по программе «Серпін - 2050», которая нацелена  на индустриально-инновационное развитие страны.

В прошлом году мы подписали Соглашение с Всемирным банком по реализации «Проекта развития Молодежного корпуса». Привлеченные  инвестиции в размере более 21 млн. долларов будут направлены на реализацию государственной молодежной политики.

 

Құрметті жастар!

Елдің болашағының баянды, келешегінің кемелді болуы сіздердің қолдарыңызда.

Мен сенемін жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда, 

Мен жастарға сенемін!, демекші Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сіздерге үлкен сенім артып отыр. Мемлекет басшысы халықтың, оның ішінде жастардың жарқын болашағы  үшін елді жаңғыртудың Бес институционалдық реформасын ұсынды.

Ұлт жоспары – елімізді ұлы істерге бастап, Қазақстанның әлемдегі озық 30 елдің қатарына енуіне даңғыл жол салуда. Мемлекетіміздің жан-жақты жаңғыруына жол бастайтын осы игілікті іске баршаңызды атсалысуға шақырамын!

Біздің алдымызда Елбасы ұсынған айқын жол, асқаралы мақсат тұр. Ол ешқашан мызғымайтын «Мәңгілік Ел» құру. Сондықтан, баршаңыз «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының айналасына топтасуларыңыз керек. Сол арқылы бірлікті дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруларыңыз тиіс.

Қазақстанның болашағы жолында биік шыңдарға шыға беріңіздер. Қанаттарыңыз талмасын, өркендеріңіз өсе берсін!

Назарларыңызға рахмет!

 

г.Актобе, 27 января 2016 г.


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать