National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Государственный советник


Выступление Государственного секретаря РК Г.Н.Абдыкаликовой на открытии памятника жертвам политических репрессий и голода

Қымбатты отандастар!

Ардақты ағайын!

Ел тарихындағы зұлмат жылдар ешқашан жұртшылық жадынан өшпейді. Халқымыздың жарқын болашағы үшін басын бәйгеге тіккен боздақтар рухын қастер тұту – біздің борышымыз. Сондықтан 31 мамыр Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.

Бұл – барша қазақстандықтар үшін қастерлі күн. Осы күнге орай еліміздің түкпір-түкпірінде 4 мыңдай, Ақтөбе облысының өзінде ғана 500-ден астам түрлі іс-шара өткізілмек. Біз бүгін, міне, Ақтөбе қаласында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне жиналып отырмыз.

Қазақ халқы ашаршылық жылдары 2 миллионға жуық өкілінен айрылды. 100 мыңнан астам адамға «халық жауы» деген айып тағылып, көбі атылды, лагерьлерде азапты бастан кешті. Қаһарлы жүйенің қанды шеңгелі халқымыздың қаймағын қалқып әкетті. Елдің алдыңғы шебіндегі арыстарымыздан айырды.

Сол қаралы кезеңде Ақтөбе өңірі тұрғындары тартқан  тақсірет те орасан. 1920-40 жылдар аралығында облыс бойынша 8 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Бұл құрбандар ішінде 1929-31 жылдардағы ұжымдастыру кезінде зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан Адай-Табын, Ырғыз көтерілісіне қатысқан, әр жылдары аймақта қызмет еткен қайраткерлер бар.

Сол бір сұрқай жылдары қазір Қазақстанды мекендеген өзге этнос өкілдері де жаппай қуғыннан орасан зардап шекті. Тіпті орталық «күмәнді» деп есептеген кейбір ұлт өкілдері Қазақстанға тұтастай жер аударылды. Ата қоныстарынан күштеп көшірілген олар қазақ даласынан пана тапты. Осылайша, бүгінгі Қазақстан халқын тағдыр тауқыметі тұтастыра түсті.

 

Уважаемые участники митинга!

Президент страны Нурсултан Абишевич Назарбаев особо подчеркнул, что «для казахского народа весь ХХ век состоял из страшных событий, которые другим народам могли присниться только в страшном сне».

Было расстреляно почти все руководство республики – 650 человек – цвет казахской нации.  Репрессированы лучшие сыны и дочери - гордость нашего народа.

Около 2-х миллионов человек были помещены в 11 лагерях: Степлаг, Карлаг, АЛЖИР, Жезлаг и другие. В Актюбинской области тоже были лагеря – это Актобе и Камыслаг. 

Всю тяжесть тоталитарной системы испытали на себе и миллионы граждан, депортированных в Казахстан.  В нашу страну были сосланы представители 62 этносов.

Это наша общая история. Наш долг – помнить о жертвах этой масштабной трагедии и передать эту память следующим поколениям.

Сегодня по всей стране уже установлено 66 памятников, посвященных этим событиям.

Открывая в Актобе мемориал жертвам политических репрессий и голода, мы увековечиваем память о безвинных жертвах. Предложение акимата области о его установке было поддержано на заседании государственной республиканской комиссии. По итогам конкурса победил проект местного  скульптора, члена Союза художников Республики Казахстан Ахмета Кубай.  

 

Қадірлі қауым!

Бірлігі жарасқан ел-жұртымыз қуғын-сүргін құрбандарын еске алуды перзенттік парыз деп санайды. 

Дана халқымызда «Өткенге – салауат, келешекке – аманат» деген нақыл сөз бар. Бұл – тарихтан тағылым алып, текті тұлғаларына тағзым ететін ұлы халыққа тән ұлағатты ұстаным.

Кешегісін қастерлемеген елдің болашағы бұлыңғыр. Біз халқымыз басынан өткерген қасіреттің өзінен қасиет табуға тиіспіз. Жас ұрпақ тарихтан сабақ алып өсуі керек. Бұл орайда бүгінгідей шаралар өткізудің мән-маңызы зор.

Дәл қазір арамызда қуғын-сүргін құрбанына айналған ғазиз жандардың ұрпақтары бар. Өркен жайып, биікке өрлеген Қазақ Елі өткен күннің өнегесін ешқашан ұмытпақ емес.

Бүгін ашылған еңселі ескерткіш – Тәуелсіздігіміздің белгісі. Ол  жас буынның тарихымызды терең танып-түсінуіне, жалпыұлттық сана жаңғырып, татулығымыздың нығая түсуіне септігін тигізеді деп сенемін.

Бірлігіміз арта берсін!


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать