Құрметті қазақстандықтар!
Еліміздің тұмары, елдігіміздің шынары болған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Осыдан 23 жыл бұрын адамзат көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Ол – көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан Тәуелсіз Қазақстан. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды.
Бұл күн – өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы Күн. Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан Ұмытылмас Күн! Сан дәуір өтсе де ұрпақтарымыз ұлықтап өтетін Ұлағатты Күн! Алтай мен Атыраудың, Сырдарияның мен Есілдің арасында еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған Ардақты Күн!
Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тәуелсіз елдердің барлығы тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ. Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.
Уважаемые казахстанцы!
Сегодня мы уверенно переходим ещё один рубеж нашей Великой Истории. Поток времени стремительно отдаляет нас от великого дня 16 декабря 1991 года, когда Республика Казахстан впервые заявила о себе как о независимом государстве. И с каждым годом мы глубже осознаем непреходящую историческую силу выбора, сделанного народом. Выбора жить в свободной, суверенной стране, в мире, согласии и доверии друг с другом. На все времена самим определять свою судьбу и строить своё Будущее.
Нас всех объединяет и хранит, делает крепче и увереннее Великий Дух Независимости! Он воплощается в каждом младенце, родившемся на свет под ясным и солнечным казахстанским небом. Он – в каждом гражданине страны и каждой казахстанской семье, каждом новом построенном доме, каждом городе, ауле и селе. Он крепнет с ростом нашей экономики, каждым новым индустриальным проектом, каждой новой магистралью, проложенной в безбрежных просторах нашей Родины, каждой тонной золотой пшеницы, собранной с наших полей.
Независимость выстрадана многими поколениями наших предков, защищавших кровью и потом нашу священную землю. Независимость - непоколебимая решимость каждого гражданина до последней капли крови защищать Казахстан, как завещали нам наши героические предки.
Проводимая нами внутренняя и внешняя политика исходит от мудрости нашего народа. Мудрость дружбы, поддержки и единства всех казахстанцев. Мудрость нашей Стратегии «Казахстан - 2050», всех ответственных решений. Мудрость достоинства нашего народа, гостеприимства и великодушия к нашим друзьям и партнёрам по всему свету.
Независимость - это всеобщий труд. Труд школьников и студентов, постигающих науки. Труд людей всех профессий, приумножающих национальное богатство. Это труд казахстанцев, воспитывающих каждое новое поколение в безграничной преданности к нашей Родине.
Независимость - это Великое единство нашего народа с его уникальным государственным языком, историей и культурой, уважением этнических языков всех казахстанцев. Всё это - жизненная философия Независимости. Строго следуя ей, мы будем вечно нести небесный стяг нашей Родины, гордо поднимать его на новых и новых вершинах развития Казахстана. Пусть так будет всегда!
Дорогие соотечественники!
Нашим достойным ответом на глобальные вызовы стала Новая Экономическая Политика «Нұрлы жол». Во-первых, ставка на инфраструктурное развитие в условиях мировой волатильности – это общий тренд успешных наций современного мира. Во-вторых, построив качественные дороги и коммуникации, мы глубже кооперируемся в региональные и глобальные экономические связи. В-третьих, грандиозные проекты строительства инфраструктуры – это стабильность зарубежных инвестиций. Они обеспечат долговременный экономический рост. В-четвёртых, это прочная гарантия достойной занятости, роста производительности труда и благосостояния народа. В-пятых, «Нұрлы Жол» - это новые возможности для всех регионов.
Мемлекетіміздің жүрегі – Астанадан тарайтын жолдар адам мен тауарды ғана емес, Елорданың жасампаз рухын күллі елімізге тарататын күретамыр. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана ғұмырлы. «Нұрлы жол» – бізді елдік құндылықтардың қадіріне жеткізіп, асқақтата түсетін мәнді жол.
Новая экономическая политика «Нұрлы жол» была бы немыслима без Национального Фонда. 13 лет назад мы создали его как важный механизм безопасности экономики. Он уже сыграл важную роль в преодолении последствий глобального кризиса 2007-2009 годов. Национальный фонд спасает экономику в условиях падения цен на мировых рынках. Мы инвестируем в инфраструктуру и производство, помогаем бизнесу, прежде всего, малым и средним предприятиям. Национальный Фонд не уменьшился, наоборот, за пять предыдущих лет его валютный портфель вырос в 3,8 раза! Новая единовременная инвестиция в экономику включит новые механизмы роста.
Уважаемые казахстанцы!
Сейчас наступают непростые времена. Кризис и санкции в мировой политике усиливают риски для глобальной экономики. Сегодня трудно всем странам. Мировые рынки реагируют падением цен на углеводороды, металлы, другую нашу экспортную продукцию. Будет трудно и нам. И это надо принимать во внимание. Поэтому и нам придётся пойти на сокращение части расходов уже утверждённого бюджета. Но это не затронет социальных расходов. Как вы знаете, я уже дал поручение Правительству обеспечить выполнение всех социальных обязательств перед населением.
Сегодня перед Правительством и Национальным Банком ставятся ещё две важные задачи. Во-первых, дедолларизация экономики. Во-вторых, переход к инфляционному таргетированию. Они должны стать составляющими Новой экономической политики «Нұрлы жол». Кризисы долгими не бывают. И этот кризис пройдет. Мы вернемся к проводимой нами политике и обязательно наверстаем динамику роста по всем направлениям.
Алда аумалы-төкпелі заман келе жатыр. Тұтас дүниені шарпыған дағдарыстар бүгінгі күннің басты сипатына айналуда. Жаһандық экономика кезекті рет соқтықпалы, соқпақсыз жолға аяқ басты. Бізге де оңай болмайды. Сондықтан, біз алдағы сын-қатерлерге дайын болуға тиіспіз. Біз жағдай ширыққан сайын шынығуға, кедергіге кездескен сайын келесі серпіліске қуат жинауға дағдыландық. Алысты көздеген даму жолында кездесетін уақытша кедергілерге мойымаймыз. Еңсені түсірмей, ертеңге сеніммен қараймыз.
Мои дорогие соотечественники!
В нашей истории великим историческим деяниям нынешнего поколения казахстанцев принадлежит особенное место. Мы прошли Величайший Путь. Это рождение в марте 1995 года Ассамблеи народа Казахстана. Это всенародное принятие 30 августа 1995 года Конституции страны. Это провозглашение в 1998 году Астаны столицей нашей Родины. Наш главный город стал для всех казахстанцев настоящей святыней, символом нашей общей любви к Отечеству.
Мы, современное поколение казахстанцев, как единый народ определили «осевое время» новейшей истории, главный вектор будущего. Мы также изменили и сделали динамичнее ход исторического развития страны. Мы впервые в своей истории пошли не вслед событиям, а стали опережать их, выдвинув сначала Стратегию-2030, а теперь - Стратегию «Казахстан - 2050». Каждый год ХХI столетия войдёт в Историю временем нарастающего успеха страны. Мы, современное поколение казахстанцев, стали истинными творцами Великой Летописи нового Казахстана. Мы создали новую страну и дали нашему народу Новую Судьбу!
Қадірлі халқым!
Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болды. Бұл кез халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің елдігіміздің түп-тамыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Біздің буын жаңа тарихқа Қазақстан Республикасы деген атпен аяқ басып, жас мемлекетті әлемнің төріне оздырды.
Қымбатты отандастар!
Ұланғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар біздің халқымыз – ұлы халық! Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек. Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз. ХХI ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу – ортақ жауапкершілік. Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Әлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін қосылып, енді ең қуатты 30 елмен иық тірестіруге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта білейік, қадірлі халқым!
Уважаемые казахстанцы!
Через несколько дней мы откроем первую страницу нового 2015 года. Во-первых, пройдут мероприятия Года Ассамблеи народа Казахстана и 20-летия всенародного принятия Конституции республики. Это главные основы нашей государственности. Во-вторых, мы будем отмечать важную дату национальной истории и культуры – 550-летие образования Казахского ханства. В-третьих, вместе со странами СНГ и всем миром мы будем праздновать 70-летие Победы над фашизмом в Великой Отечественной войне. Для нас память о подвиге военного поколения свята на все времена. Мы – народ, во все времена относившийся к своему прошлому с благодарностью и прощением.
Наше восприятие исторического прошлого всегда должно быть цельным и позитивным. Оно должно объединять всех казахстанцев, а не разделять их.
Біздің ұлттық тарихымыз теңдессіз тарих. Ол Еуразия құрлығының ұлы өркениетінің жылнамасына өшпес қолтаңбасын қалдырды. Тарихи тамырымыздың бірлігі бізді түркі тілдес халықтармен ешқашан іргесі бөлінбейтін бауырлас етті. Ұлы Түркі Елі қазіргі заманауи мемлекеттер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің ортақ тамыры. Біздің мыңжылдықтарға ұласатын шежіреміз бір. Мақтаныш тұтатын бабаларымыздың тарихи ерліктері бір. Бөле-жара қарау мүмкін емес рухани қазынамыз бір. Осының бәрі – баршамызға ортақ мұралар.
У нас с Россией один исторический путь длиною в столетия. Сейчас наша общая история формирует прочную основу для интеграции в рамках Евразийского экономического союза. Завершено юридическое оформление выдвинутой мною 20 лет назад этой идеи. Она становится реальностью с 1 января 2015 года, началом деятельности ЕАЭС. Сейчас в нём объединяются Казахстан, Беларусь, Россия, Армения. Новый экономический союз открыт и для других стран.
Хронология времени соединяет нас с многотысячелетней китайской историей. Из года в год крепнет дружба и стратегическое партнерство с Китайской Народной Республикой. Сегодня мы возрождаем Великий Шёлковый Путь, превращая регион Шанхайской организации сотрудничества в транспортный и торговый мост Евразии.
Наши исторические духовные и культурные связи со странами Азии сегодня обогащаются успешной работой Совещания по взаимодействию и мерам доверии в Азии. В этом году мы предложили создать на его базе Организацию по безопасности и развитию в Азии.
Почти за два с половиной десятилетия Независимости мы установили сотрудничество с США, Европейским Союзом и многими другими странами. Это наши друзья и стратегические партнеры, вместе с которыми мы работаем во имя мира и стабильности. Это Съезды лидеров мировых и традиционных религий, создание Центрально-азиатской зоны, свободной от ядерного оружия, Астанинский саммит ОБСЕ, программа «Партнерства во имя мира», десятки совместных экономических и культурных проектов. В этом году мы завершили подготовку проекта соглашения о долгосрочном партнёрстве Казахстана с ЕС. На финишную прямую вышел процесс вступления Казахстана в ВТО. Нам ещё предстоит совместно написать «золотой параграф» Всемирной Истории о предстоящей в Астане Международной выставке ЭКСПО – 2017.
Национальная история Казахстана всегда должна быть основана на принципах объединения нашего общества, дружбы и взаимопонимания с соседними странами. В этом ключе должны работать казахстанские историки, вестись научные исследования, а также образовательный процесс в наших школах и вузах. Вся история казахов, вся история независимого Казахстана – это история сплочения и единения. Беречь и укреплять единство – самая высшая добродетель.
В ХХI веке только та страна заживёт счастливо, которая будет сильна единством, радостна своим трудом, дружна своими людьми. Мы, казахстанцы, осознали это своими сердцами. За годы Независимости мы закалились, окрепли духом. Мы - одно из 193 государств, входящих в ООН. У каждого из них свои планы, свое видение будущего. Жизнь человеческая ограничена десятками лет. Жизнь народа прирастает с каждым следующим его поколением. Поэтому нет мечты выше, чем мечта о Вечности Народа. Мәңгілік Ел - это идея, которая открывает завтрашний день, выражает веру в будущее, это символ необратимой и прочной стабильности.
Стратегия "Казахстан-2050" - это дорога миллионов, по которой суждено идти многим поколениям наших потомков. До исторической даты, обозначенной нами - 36 лет. В 2050 году ровесники Независимости, рожденные в 1991 году, станут старшим поколением для молодых казахстанцев, которые вступят тогда во взрослую жизнь. Им, ровесникам Независимости, будет около 60 лет. Они станут поколением старейшин.
У казахов есть выражение "Елу жылда ел - жаңа". Эти слова были сказаны еще тогда, когда не было ни научно-технического прогресса, ни инновационных технологий. Наше эпоха - время скоростей. В ХХI веке общество кардинально меняется уже через каждые пять лет. Поэтому два главных канона определяют судьбу народа. Первое. Это преемственность поколений и ценностей. Второе. Динамичность нации, инновационность молодежи. Мы должны смело и достойно вершить свою историю. Мы будем ещё сильнее, если всегда будем едины. В этом заключается тысячелетний смысл нашей общенациональной идеи Мәңгілік Ел, нашей Вечной Родины.
Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы қажет деген сауалды мен өзіме сәт сайын қоямын. Осы жайлы ой орамдарын қағазға түсіріп, «Тәуелсіздік толғауы» деп атадым. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға, бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастыратын ертеңгі ұрпаққа арналады.
Тәуелсіздік толғауы
Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол – туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы.
Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады. Ол біздің экономикамыздың өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орынымен, ұланғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.
Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік – кешегі батыр бабалар өсиет еткендей Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.
Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы.
Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі. Оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар. Оның ғылымға, инновациялар мен прогреске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар.
Мәңгілік Ел – Тәуелсіздігіміздің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз. Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз!
Құрметті халқым!
Тәуелсіздікті өз қолымен жасаған буынның болашаққа жолдаған сәлемі мыңжылдықтар бойы Еліміздің өмірлік философиясы болып қала береріне сенемін. Біздің халқымыз ешқашан мызғымайтын, жыл өткен сайын нығайып, беки түсетін Мәңгілік Тәуелсіздіктің иесі. Тәуелсіздік толғауы ұрпақтың жадында жаңғырып, Тәуелсіздік Рухы әрбір азаматтың жүрегінде тербелсін! Мәңгілік Еліміздің мәртебесі биік болсын! Азаттық рухы асқақ болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Астана, 15 декабря 2014 г.