Құрметті меймандар!
Қымбатты спортшылар!
Қадірлі отандастар!
Бүгін Астана мен Алматының арасын спорттық думанға бөлеген 7-інші қысқы Азия ойындары өз мәресіне жетті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді осы мерейлі сәтпен құттықтаймын!
Әділдік пен шеберлік астасқан дүбірлі дода нағыз мықтыларды анықтап берді.
Азиада барысында достықтың ізгі жалауы желбіреп, құрлық елдерінің әнұрандары шырқалды.
Бұл спорт мерекесі тәуелсіз Қазақстан тарихының жарқын беттеріне айналады деп сенемін.
Азиаданы жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан барша мамандарға, спортшыларға ризашылығымды білдіремін.
Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған спортшыларға да айрықша алғыс айтамын.
Біздің атлеттеріміз жоғары жетістіктеріне қол жеткізіп, ел тәуелсіздігінің 20жылдығына тамаша тарту жасады.
Астанада жағылған Азиада алауының жылуы әр жүректе ұзақ сақталады деп сенемін.
Баршаңызға Қазақстанға деген ыстық ықыластарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Келесі қысқы Азиаданы өткізу мәртебесі Жапония еліне беріліп отыр.
Азия спортының жұлдызы жарқырай берсін!
Уважаемые участники игр!
Дорогие казахстанцы, зарубежные гости!
Уходит в историю последний день Седьмых зимних Азиатских игр!
Они стали крупным событием международной жизни.
В минувшие дни все мы были свидетелями ярких и захватывающих зрелищ.
На спортивных аренах Астаны и Алматы в честной борьбе сходились лучшие атлеты из двадцати семи государств.
Впервые были разыграны 69 комплектов медалей.
И это рекорд для зимних Азиад.
Я рад, что прекрасные результаты показали в командном зачете наши спортсмены.
Казахстан встал в ряд континентальных держав, способных проводить соревнования такого высокого уровня.
Азиада явилась настоящим триумфом силы, красоты и благородства.
Мы смогли праздник спорта превратить и в праздник мира и дружбы!
В эти дни тысячи людей из разных стран встречались, общались, узнавали друг друга.
Многие нашли в Казахстане новых друзей.
Все мы, представители разных народов, стали духовно богаче и щедрее.
Мы стали лучше понимать друг друга.
Уверен, что именно это и следует считать главным достижением Азиады!
Дорогие друзья!
Сейчас мы с благодарностью прощаемся с Седьмыми зимними Азиатскими играми.
Они подарили нам чудесные и незабываемые мгновения.
Это были необычные Игры.
Открытие проходило в Астане, самой северной столице Азиады.
Наши гости увидели самый высокогорный каток в мире – «Медеу».
На наших Играх впервые состоялась эстафета Олимпийского огня, объехавшая 20 городов Казахстана.
Олимпийский совет Азии решил сделать эстафету регулярной.
Благородный символ нынешней Азиады – наш казахстанский барс – стал близким и родным для всех.
Поздравляя всех с завершением Седьмых зимних Азиатских игр, я говорю вам: «До новых встреч»!
Қадірлі меймандар!
Қымбатты отандастар!
Осымен 7-ші қысқы Азия ойындарын салтанатты түрде жабық деп жариялаймын!
Алматы, 6 февраля 2011 г.