National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Выступления


Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на торжественном собрании, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан. 15.12.2010 г.

15 декабря 2010 года

Қымбатты отандастар!

Азаттықтың арайлы таңынан бері тәу етер киемізге айналған тәуелсіздік күні – біздің ең ұлық мерекеміз.

Баршаңызды осы «ақ түйенің қарны жарылған», бар игілігіміздің бастауы болғантәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық.

Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық.

Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады.

Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады.

Арманда кеткен арыстардың асыл мұратына біз мыңжылдықтар тоғысында қол жеткіздік.

Айымыз оңынан туып, Тәңір тілекті берді.

Төрт құбыламыз теңеліп, төбедегі келді.

Алаштың айбыны асып, күн сөнгенше азат болды.

Қырандай қомданып, тұғырына қайта қонды!

Тәуелсіздік – тәуменді жұртқа тәуекел берді. Азат еліміз атағы алты құрлыққа жайылған абат елге айналып, жаһандық қауіпсіздіктің алтын белдеуінебаланды.

Біз осылайша тарихта есесі кеткен еңсегей елдің еңсесін тіктедік.

Сөйтіп қазақ деген халықтың абыройын асырып, атын әлемге таныттық.

Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады.

Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз.

Қазақ «Елу жылда ел жаңа» дейді.

Біз жиырма жылға жетер-жетпес уақытта жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырдық.

Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық беделді ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының келелі кеңесі еліміз ғана емес, әлем жұртшылығы үшін елеулі оқиға болды.

Қазақ қазақ болғалы мұндай биік мәртебеге жетіп көрген емес!

Халқымыздың бұл ұлы жиынға берген бағасын, қуанышының жиынтығын «Қазақ» газетінің бас редакторы Қоғабай Сарсекеевтың мына сөздері жеткізсе керек:

«Еш заманда, еш ғасырда ежелгі ғұн-түрік заманынан бері қазақтың бұл сайын даласы мұндай жиынды көрмеген.

Алтын Орданы құрған Бату ханнан бастап 71 хан пешенесіне де осындай барша адамзат мүддесін көздеп, Астана Саммитіндегі абыройлы кеңес өткізу бұйырмапты. О заман басқа, бүгінгі заман бөлек. Енді тәуелсіз қазақ халқы осындай ұлы мәртебеге ие болды», - деп жазды ол.

Біз келесі жылы құрамына 57 мемлекет кіретін Ислам Конференциясы ұйымына басшылық жасаймыз.

Бұл орайда қазақ елінің танымалдығы артқан сайын оның тәуелсіздігі орнығатүсерін ұмытпауымыз керек.

 

Дорогие казахстанцы!

Уважаемые участники торжественного собрания!

Каждый год Независимости – это целая эпоха в истории нового Казахстана.

Именно таким стал для нашей страны Девятнадцатый год Независимости.

В Астане прошёл первый в ХХI веке саммит ОБСЕ.

Одиннадцать лет ни одна страна не смогла собрать высший форум Организации.

Казахстан смог это сделать!

Астанинский саммит стал объединяющим успехом для всех стран ОБСЕ.

Девятнадцать лет назад никто не мог предположить, что столица КазахстанаАстана станет достойной наследницей знаменитого «духа Хельсинки».

Сегодня это свершилось.

Мы выполнили свою программу действий в рамках председательства в ОБСЕ.

Впервые обозначен евразийский вектор ОБСЕ, что делает более прочной безопасность во всей Евразии.

Это значит, крепче, на долгие годы вперед, стала безопасность нашей страны икаждого её гражданина.

Астанинский саммит – это звездный час всего Казахстана.

В эти дни я получил много обращений от моих зарубежных коллег, которые благодарят за идеальную организацию саммита.

Например, Президент Франции Николя Саркози отмечает:

«Я высоко оцениваю качество работы, выполненной Вашей страной в ходе председательства в ОБСЕ и Ваше личное участие.

Астанинский саммит, который в дальнейшем будет одной из ключевых дат этой Организации, увенчался успехом».

Эти слова адресованы всему нашему народу.

Мне пишут граждане нашей страны.

Пишут о гордости за страну и её столицу, за смелость и высокую ответственность наших инициатив.

В письме группы ветеранов войны и труда из Восточно-Казахстанской области говорится:

«В дни проведения Саммита мы с гордостью наблюдали, как лидеры многих государств восхищались красотой нашей столицы и гостеприимством казахстанского народа».

Я от всего сердца благодарю всех казахстанцев за теплые слова, за гордость, за радость, за наши победы!

 

Дорогие соотечественники!

Мировой опыт показывает, что для создания развитого государства требуется 40-50 лет.

Мы уже прошли нелегкую половину своего пути к процветанию нашей страны.

Все судьбоносные решения давались нам непросто.

Вспомните, сколько было сомневающихся и упрекающих нас в нереальности и несбыточности наших идей и планов.

Так было всегда.

И когда я принимал решения о переходе экономики на рыночные рельсы, безъядерном статусе страны, переносе столицы, принятии Стратегии-2030, создании Национального фонда и другие.

То же самое мы слышали, когда  создавали Таможенный союз и когда выдвигали идею о проведении в Астане саммита ОБСЕ.

Сейчас вердикт Истории уже очевиден - это были верные решения во благо нашей Родины.

Они сплотили народ.

Они научили смело решать самые трудные задачи, несмотря на любые сложности и преграды.

Я всегда считал и считаю, что задачи должны окрылять нацию!

Что великие цели может ставить перед собой только великий народ!

Независимость сделала нас, казахстанцев, таким великим народом с несгибаемой решимостью достичь процветания родной земли!

 

Уважаемые казахстанцы!

Создание процветающего Казахстана – это достойный ответ на глобальный вызов сразу двух веков, двух тысячелетий.

Мы стали самостоятельной страной на исходе сложного ХХ-го века, в котором на карте мира появились почти две трети всех современных государств.

ХХI век принес новые угрозы.

Самым большим вызовом стал мировой кризис.

В этих условиях лишь несколько стран выдержали испытания.

И наш Казахстан в этом ряду!

Независимость – это, прежде всего, экономическая состоятельность страны.

Мы приняли и успешно реализуем Стратегию-2030, ставшую Историей нашего Будущего.

Только сверхнациональная цель позволяет нации с достоинством идти к новым свершениям.

Сегодня Казахстан набирает уверенные темпы роста.

За девять месяцев 2010 года ВВП вырос на 7,5 процентов.

Промышленное производство - на 10,5 процентов.

Открыты порядка ста новых предприятий.

За десять лет нового века объем ВВП на душу населения вырос более чем в 7 раз и превысил 8 тысяч долларов.

С 2000 года в нашу экономику привлечено около 110-ти миллиардов долларовпрямых иностранных инвестиций.

А в целом за этот период инвестиции в основной капитал составили более двухсот миллиардов долларов.

В этом десятилетии размеры пенсий выросли более чем в 6 раз.

Жилищный фонд Казахстана увеличился на 30 миллионов квадратных метров.

330 тысяч семей казахстанцев обрели новые квартиры.

Среднемесячная заработная плата увеличилась в 5,5 раза.

В прошлом году Казахстан в глобальном рейтинге по уровню благосостояния населения занял 50-е место.

За десять лет  расходы на образование и здравоохранение выросли более чем ввосемь раз.

Мы построили более семисот школ и около четырехсот пятидесяти объектов здравоохранения.

В нынешнем году открыт Новый университет Астаны, созданный по образцу и при содействии лучших мировых научно – образовательных центров.

В полтора раза возросла рождаемость, в три раза - естественный прирост населения.

В текущем десятилетии мы обеспечили  рост населения на полтора миллиона человек.

 

* * *

Отмечая годовщину нашей Независимости, мы не должны забывать о том, что обретение свободы для ряда стран обернулось внутренней нестабильностью, вспышками гражданских войн и конфликтов  с соседями.

Мы в Казахстане создали интегрирующую модель мира и согласия, ядром которой стала Ассамблея народа Казахстана.

Путь нашей Независимости – это путь ответственности всех 140-ка этносов за судьбу общей Родины.

Нам важно передать традиции дружбы и согласия будущим поколениям казахстанцев.

Считаю, что необходимо в новом формате отмечать 1 мая – Праздник единства народа Казахстана.

В этот день надо проводить массовые шествия в столице, областных центрах и городах.

Было бы логично приурочить проведение к 1 мая сессии Ассамблеи народа Казахстана.

Поручаю Администрации Президента совместно с руководством Ассамблеи народа и партии «Нур Отан» разработать и представить на утверждение новую концепциюпразднования Дня единства народа Казахстана.

Мировой опыт показывает, что история успешной Независимости – это история сильного политического лидерства общенациональных партий.

Именно команды единомышленников проводили поэтапную модернизацию во главе свободных наций.

Так было в Японии, Сингапуре, Малайзии, Южной Корее, Турции и других динамичных странах.

Об этом свидетельствует и опыт европейских демократий - Франции, Испании, Италии, Финляндии и других.

В ХХI веке роль государства и политического лидерства становится еще более весомой. Поэтому особая миссия в укреплении Казахстана принадлежитНародно-демократической партии «Нур Отан».

Сегодня «Нур Отан» развивается по пути крупных партий ведущих стран Европы и Азии. Партия «Нур Отан» - это мощный источник сильной политической воли, способный проводить решения, укрепляющие вектор развития страны.

 

* * *

Время Независимости стало эпохой реализации идей, формирующих долгосрочные системы стратегического партнерства и экономической интеграции.

В 2010 году начал действовать Таможенный союз Казахстана, Беларуси и России.

Приняты главные документы о формировании Единого экономического пространства трех стран.

Мы будем пользоваться едиными тарифами транспортных перевозок по огромной территории от Бреста до Владивостока, от Мурманска до Шымкента. Одно только первое полугодие работы Таможенного союза увеличило товарооборот между нашими странами на 38%.

Не будет препятствий для передвижения товаров, капитала, рабочей силы.

Это очень важно для нас – государства, не имеющего выхода к мировым путям морского транспорта.

Обо всем этом я говорил 16 лет назад, предлагая идею создания Евразийского союза.

Будущее планеты – это время сильных интеграционных объединенийподобных Европейскому Союзу.

Экономическая интеграция не ущемляет Независимость, территориальную целостность Казахстана, многовекторность нашей внешней политики.

Наоборот, укрепляет страну и открывает новые возможности осуществления индустриальной политики.

Независимый Казахстан с честью преодолел невероятно трудный рубеж двух тысячелетий.

Пройдено критическое десятилетие двадцать первого века!

Мы нашли свой путь, который сделал нас единой и сильной современной нацией.

Это самый главный итог 19-ти лет нашей Независимости.

 

Ардақты ағайын!

Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны баянды ету де оңай емес.

Тәуелсіздікті нығайту үшін өткелі қиын, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Бұған тарлан тарихтан талай мысал табуға болады.

Миллиондаған халқы болса да мемлекетсіз, табан тірер Отансыз жүрген ұлттардүниеде аз емес.

Баршаңыз білесіздер, екінші жаһандық соғыстан кейін көптеген елдер өз егемендіктерін жария етті.

Туған топырақтарында еркін өмір орнату мақсатында болашаққа үмітпен қарап, үлкен жоспарлар жасады.

Ал іс жүзінде берілген тарихи мүмкіндікті барлығы бірдей пайдалана білген жоқ.

Ендеше, азаттық алумен іс бітпейді екен. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін заманға сай амалың болуы керек екен.

Біз тәуелсіздігінен айрылып қалған елдердің тағдырынан тиісті қорытынды шығарып,тағылымы мол сабақ алдық.

Ел бірлігін басты байлыққа балап, саяси тұрақтылықты экономикалық жетістіктермен ұштастыра білдік.

Осылайша Қазақстан шын мәнінде азат елге, айдынды мемлекетке айналды.

Іргемізді бекемдеп, байтақ шекарамызды халықаралық құжаттармен мызғымастай етіп бекіттік.

Ашық аспанымызды қас қақпай күзететін айбарлы армиямызды құрып, келеліКонституцияны басшылыққа алдық.

Қарышты экономикалық өрлеу арқылы Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қабырғалы ел болды.

Біз ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты,бәсекеге қабілеттіхалықаралық беделі зор қуатты мемлекет құрдық.

Өркениеттер қақтығысы өршіп тұрған тұста төрінде татулық пен тұрақтылықорныққан Отанымызды ынтымақ ұясына – жерұйық мекенге айналдырдық.

Әлемдегі үш елдің бірі болып, жер бетіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды атамекенге жинадық.

Есілдің ен бойына ел қондырып, сайын Сарыарқа төріне сәулетті Астананы салдық.

Астана рухы күллі әлемге бейбітшілік пен келісімнің кілтін ұсынды.

Осында әлемдік діндер өкілдерінің басын қосқан үш бірдей съезд өткіздік.

Ізгілік пен Бейбітшілік шаһарына баланған Еңселі Елордамыз енді «Түркі әлемінің астанасы» атанып отыр.

Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық.

Ұлттық жаңғыруды жүзеге асырып, жаңа құндылықтар қалыптастырдық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық.

Халқымыздың әл-ауқаты артып, саны өсті. Ұлысты ұйыстырушы ұлтымыздыңжауапкершілігі артып, бүкіл елді біріктіруші қызметін бекемдей түсті.

Өркенді өзгерістерді жүзеге асырған біз осы жылдары дамудың қазақстандық дәстүрін қалыптастырдық.

 

Біз осылай қазығы берік, мемлекеттігі бекем қазақ елінің айбынын асырдық.

Осының барлығы тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы!

Тәуелсіздіктің 19 жылы – тарихымыздың тағылымды беттерін толықтыра түсетін тұтас бір тарау.

Болмысы бөлек қазақстандық үлгіні қалыптастыру үшін біз өз жолымызбенжүрдік.

Түрлі «кеңесшілердің» айтқанын емес, халқымызға қанық, бағыты анық даңғыл жолды таңдадық.

Болашақта да солай болуы тиіс.

Уақыт – бәріне әділ төреші.

Бастамаларымызға бастапқыда күдікпен қарағандар болғанымен, біздің дұрыс жол таңдағанымызды уақыттың өзі тайға таңба басқандай етіп көрсетіп берді.

 

Қадірлі әлеумет!

Біздің баға жетпес байлығымыз –бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз.

Құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз.

Атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың бәрі де халықтың игілігі үшін жасалуда.

Сондықтан, біз тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, берекелі бірлігімізді бекемдей түскеніміз жөн.

Қазақта: «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар?!» деген қанатты сөз бар.

Ынтымақ кеткен жерден – ырыс, бірлік кеткен жерден – береке кетеді.

Ен даланы еркін жайлаған еліміз бостандық жолында басын бәйгеге байлаған.

Әйтсе де, олар ешқашан бас еркіндігін баянды елдіктен жоғары қоймаған.

Мемлекеттік жоқ жерде бостандықтың болмайтынын жақсы білген.

Сондықтан, бәрінен мемлекет мүддесін биік санаған.

Соңғы кездері біз отаншылдық сезімі туралы жиі айтамыз.

Шын мәнінде отаншылдық – тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекетті қастерлеу, өз Отаныңды қалтқысыз сүю деген сөз.

Табанды тұлғалар тәрбиелеу арқылы ғана ел тәуелсіздігінің баяндыболатынын ұмытпайық, ағайын.

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Алдымызда айтулы межелер бар.

Шешімін табуды күтіп тұрған өзекті мәселелер әлі де аз емес.

Күн сайын, ай сайын құбылатын заманға сай амалың болуы керек.

Бүгін мереке болған соң жетістіктерімізді айтуымыз дұрыс, бірақ төрт құбыла түгел болған заман болмаған.

Жетістіктерімізге сын көзбен қарап, сабыр сақтайтын есті ел болайық.

Біз бәрін тындырдық деп мақтану орынсыз.

«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заман әлі алда.

Оған жеткізер амал – бірлік және еңбек.

Бұл мәселелер туралы келесі халыққа Жолдауда айтылады.

Алдымыздағы 2011 жыл – тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.

Бұл – ең әуелі біздің жасампаз тарихымыздың бетбұрысты белесі.

Біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өту шараларын ертеңнен бастап еліміздің барлық өңірлерінде бастауымыз керек.

Бұл – біз үшін тек мерейтойлық оқиға ғана емес, жетістігімізді де, кемшілігімізді де саралайтын, болашақты бағдарлайтын кез.

Осылайша мемлекеттігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы асуды бағындырып, жаңа кезеңге қадам басатын жол.

Ендеше, тәуелсіз елдігімізді мәңгі ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға толайым табыстар тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын!

Мереке құтты болсын, ағайын!

Астана, Тәуелсіздік сарайы, 15 желтоқсан 2010 жыл.


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать
Tokaev

Президент Республики Казахстан