National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Выступление Главы государства на торжественной церемонии по случаю награждения граждан страны, активно участвовавших в противопаводковых мероприятиях


Құрметті жиынға қатысушылар,

құтқарушылар және Еріктілер!

 

Шын мәнінде, бүгін осы жерде нағыз отаншыл, елге жанашыр азаматтар жиналып отыр деп айтқым келеді. Мен сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін.

Өздеріңіз білесіздер, биыл еліміздің бірнеше аймағында алапат тасқын болды. Бұл – бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат. Біз ғана емес, басқа елдер де қарғын судың зардабын тартып жатыр.

Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет ахуалды бақылауда ұстады. Құзырлы органдар батыл әрі тиімді әрекет етті. Барлық жұмысты Үкімет үйлестіріп отырды. Су басқан бірнеше аймаққа арнайы бардым. Зардап шеккен тұрғындармен кездестім.

Жалпы, 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. Расында, өте ауыр сынақтан өттік. Дегенмен әр нәрсенің қайыры бар. Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды.

Топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысты. Құтқарушылардың ерен ерлігі халықтың рухын көтерді.

Мемлекет үшін ең басты байлық бұл – азаматтардың өмірі және олардың денсаулығы. Мен осы қағидатты қатаң ұстануды талап еттім. 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді.

Халқымызда «Жақсылық – жанға қуат» деген сөз бар. Мен Кентау қаласында тұратын Гауһар Шаймерден есімді оқушы қызды ерекше атап өткім келеді. Ол өзі жинап жүрген қаржысын Құлсары қаласының тұрғындарына аударған. Осылайша, шын жүректен елге көмектесуді ойлаған Гауһардың ата-анасына отаншыл ұрпақ өсіріп жатқаны үшін алғыс айтамын. Гауһарға Республика күнінде марапат тапсырылады. Атырау облысының тұрғындары – тоқсаннан асқан Орынша Тоқтыбаққызы және бүгін ортамызда отырған Әлия Досмұханованың ерен еңбегі де жұртқа өнеге. Ұлттың шынайы болмысын көрсететін осындай мысалдар ел ішінде өте көп.

«Бір ел – бір тағдыр» қағидаты халқымыздың мызғымас ұстанымына айналды. Топан судан зардап шеккен жандарға еліміздің барлық аймағынан гуманитарлық көмек жолданды.

В дни паводков гуманитарные грузы в затопленные регионы Казахстана направили наши братские государства, а также международные компании и организации. Не зря говорят, что истинная дружба познается во время бедствий. Некоторые иностранные граждане специально прибыли в нашу страну, чтобы лично помочь пострадавшим людям. Пользуясь случаем, выражаю искреннюю признательность нашим зарубежным партнерам и друзьям за поддержку.

Мы всей страной помогали нашим селам и городам, из-за небывалых паводков оказавшимся в критическом положении. В этом ярко проявились единство и солидарность нашего народа. Именно благодаря сплоченности нации все эти годы мы справляемся со всеми испытаниями и вызовами.

Когда подступила большая вода, наши соотечественники по зову сердца пришли на помощь спасателям, борющимся со стихией. Исключительную самоотверженность и подлинное мужество они проявили, помогая ответственным службам в зонах подтопления. Многие на собственном транспорте вывозили людей и животных. Тысячи неравнодушных граждан участвовали в строительстве защитных насыпей. Благодаря общим усилиям нам удалось избежать худших сценариев развития событий.

В эвакуационных пунктах волонтеры организовывали горячее питание, подвозили туда одежду и бытовую технику. Знаю, что некоторые наши соотечественники пожертвовали своими трудовыми отпусками и личными сбережениями для помощи пострадавшим от паводков. Такие поступки заслуживают особого признания и большого уважения. Среди волонтеров есть представители разных профессий и возрастов, этнических и социальных групп, в том числе граждане с особыми потребностями. Однако всех их объединяет общее мировоззрение и образ жизни, основанные на соучастии и сочувствии окружающим. Каждый из них движим искренним желанием помогать другим и делать наш мир лучше.

Волонтеры – это настоящие герои нашего времени, воплощение подлинного патриотизма и ответственного гражданства. Я уделяю большое внимание развитию добровольческого движения. Как вы помните, 2020 год был объявлен мной Годом волонтера. За прошедшее время волонтерская деятельность в нашей стране вышла на качественно новый уровень. Силами добровольцев были реализованы важные инициативы и проекты.Но самое главное – мы пробудили в людях деятельное стремление участвовать в жизни государства и общества, следовать созидательным ценностям и установкам. Именно люди – главная движущая сила всесторонних преобразований в нашей стране. Убежден, что для успешной реализации начатых нами масштабных реформ необходима консолидация усилий всех граждан.

Бірлік бар жерде береке болады. Баспанасыз қалған азаматтарға «Қазақстан халқына» қоры есебінен тұрғын үй салуға қаражат бөлінді.

Жалпы, 2200-ден астам үй салынады. Сондай-ақ 10 мыңға жуық үй күрделі жөндеуден өтеді. Ал кейбір аймақтарда азаматтарымыз жаңадан салынған үйге көшіп жатыр.

«Еңбегі жанған – елін ойлар» деген сөз бар. Тасқынның зардабын жоюға бірқатар кәсіпкеріміз қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іспен дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіпкерлік дегеніміз – осы. Әрине, қалыс қалған кәсіпкерлер де аз емес, олардың кім екенін де жақсы білеміз. Біз ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Әркім өз таңдауын жасады.

В то же время надо отметить, что далеко не все крупные предприниматели откликнулись на призыв помочь пострадавшим гражданам. Здесь присутствуют предприниматели, которые, напротив, откликнулись и внесли очень большую помощь в дело спасения наших граждан от небывалых паводков. Что касается имен оставшихся в стороне бизнесменов, нам они известны, хотя мы никого не принуждали, это дело добровольное.

Баршаңызға мәлім, қазір біз елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, Ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер.

Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет.

Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді.

В Казахстане взят курс на укрепление верховенства Закона. Мою принципиальную позицию вы знаете: в стране должен царить Закон и Порядок, другими словами, законопорядок. Все коллизии, разногласия в нашем обществе следует решать исключительно в правовом поле, на основе действующего законодательства, в соответствии с основными международными нормами. Именно с этой точки зрения необходимо рассматривать происшедшее вчера преступление в Киеве в отношении гражданина Казахстана Айдоса Садыкова.

Мною поручено по линии дипломатического ведомства и правоохранительных органов направить официальные запросы украинской стороне  по данному серьезному инциденту.  В случае необходимости казахстанские официальные органы готовы подключиться к расследованию для оказания содействия в выявлении истины.

 

Қадірлі достар!

Сіздер су тасқыны кезінде қиындыққа ұшыраған жұртпен бірге болдыңыздар. Күн-түн демей еңбек еттіңіздер. Бұл – нағыз ерлік. Мен апат салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа зор ризашылығымды білдіремін.

Біз бір ел, бір халық болып берекелі бірлігіміздің арқасында күрделі сынақтан аман-есен өттік. Еңселі ел екенімізді көрсеттік. Бүлінген инфрақұрылымды, дүние-мүлікті қалпына келтіру жұмысын қолға алдық. Апаттан зардап шеккен азаматтарға нақты көмек бердік, бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Баршаңызға мәлім, қазір «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Оның түпкі мәні – ұлтты ортақ іске ұйыстырып, елімізді көркейте түсу, халқымыздың жаңа экологиялық сана-сезімін дамыту. Бұған, ең алдымен, өздеріңіз сияқты адал азаматтар ұйытқы болады. Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан бүгінгі марапатты халықтың сіздерге деген зор алғысы деп қабылдаған жөн.