National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Выступление Президента Казахстана на церемонии поднятия Государственного флага


Құрметті отандастар!

Біз бүгін бас қаламыздың төрінде Мемлекеттік туымызды салтанатты түрде көтердік.   

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Сондықтан, бұл рәсімнің тарихи мән-маңызы айрықша.    

Көк туымыз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ.  Қазақтың тарихы «Туың жығылмасын!» деген бір ауыз тілекке  сыйып тұр.

Бабаларымыз қашанда Туын биік ұстаған. Елдігі сынға түскен сәтте байрақ астына бірігіп, тұтастығын танытқан. Ерлік пен бірліктің дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, Тәуелсіздік дәуіріне ұласты.  Егемен елдің көк байрағы – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Халқымыздың кешегі тарихы, бүгінгі жетістіктері мен ертеңгі мұраты қастерлі Туымызда көрініс тапқан.

Ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім. Жыл сайын ең алып байрағымыз көтерілген сәттен Елорда күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталады.  

Еліміз бір ұлт болып Есілдің бойына ел қондырды, еңселі елорда салды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы жұртымыздың жасампаз еңбегіне ұласып, сәулетті шаһар бой көтерді.  Бас қаламыз аз уақыт ішінде Қазақстанның саяси-экономикалық және рухани-мәдени орталығына айналды. Ғылым мен білімге ұмтылған жастардың құтты мекені болды. Бірнеше рет ауқымды келіссөз өткізіп, халықаралық мәміле алаңы ретінде  танылды.  

Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы – еліміздің мақтанышы, ұлттық идеямыздың көрінісі. Шын мәнінде, елордамызды жаңа Қазақстанның символы деуге болады.  Сондықтан бас қаламыздың мерекесі – баршамызға ортақ, нағыз халықтық мейрам.

 

Дорогие казахстанцы!

 

Поднятие Государственного Флага в честь Дня столицы – это знаменательное событие для каждого из нас.

Наш небесно-голубой стяг и главный город страны являются яркими символами единства казахстанской нации. Они олицетворяют собой стойкость и созидательный дух нашего народа и неразрывно связаны со священными ценностями Независимости.

Во все времена гордо реющее над столицей знамя было воплощением силы и суверенитета государства. Следуя этой славной традиции, мы отдаем дань уважения прошлому и утверждаем наше стремление к новым высотам.

В условиях глобальных угроз и испытаний, вызванных наступлением пандемии, нам как никогда важно сплотиться, чтобы твердо следовать по пути прогресса.

Флагман современного Казахстана – это наша столица. Центральный мегаполис страны стал настоящим прорывом в будущее, примером общенациональной мобилизации и истинного патриотизма.

Возникший благодаря Первому Президенту – Елбасы и упорному труду миллионов казахстанцев, он является гордостью нашего народа. Именно здесь бьется сердце нашей Родины. Именно здесь принимаются все судьбоносные решения, рождаются вдохновляющие идеи и воплощаются в жизнь уникальные проекты.

Наша столица стала центром притяжения для талантливых и энергичных соотечественников, а также для многих граждан других государств. Поэтому День столицы нужно использовать, чтобы поддержать и вдохновить людей – напомнить им о силе единства, важности взаимопомощи и ценности вклада каждого гражданина в общее дело.

Жители столицы должны выступить в качестве флагмана прививочной кампании, соблюдения ограничительных мер. Надо хорошо понимать, что всеобщая вакцинация – это единственный путь к восстановлению нормальной жизни и сохранению здоровья людей.

Уверен, лозунг «Біз біргеміз!» станет формулой нашей победы в борьбе с этой смертоносной инфекцией.

 

Құрметті курсанттар!

 

Бүгін – сіздер үшін өте маңызды күн. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында бас қаламыздың төрінде лейтенант  шенін аласыздар. Мұндай биік мәртебеге ең үздіктер ғана лайық. Кешегі курсанттар бүгін офицер атанып отыр.  Арнайы дайындықтан өтіп, сапалы білім алдыңыздар.  Сіздерді бүкіл ел мақтан тұтады.

Оқуларыңыздың сәтті аяқталғаны құтты болсын, жас офицерлер!

Офицерлік шен – бұл, ең біріншіден, Отан алдындағы зор жауапкершілік. Болашақта командир атанып, жас сарбаздарға тәлім бересіздер. Сондықтан отаншыл, батыл және айбынды болып, үлгі көрсету аса маңызды. Мүлтіксіз қызмет ету – бәріңізге ортақ міндет. Антқа адал болу, Тәуелсіз елімізді қорғау – қастерлі парыз. Сонда ғана азаматтарымыз қауіпсіз өмір сүреді, қоғамдық тәртіп сақталады, еліміз қарқынды дами беретін болады.

Көк байрағымыз – жауынгерлік рухтың нышаны. Туымызды әрқашан биік ұстау – туған жер алдындағы қасиетті борыш.

Тәуелсіздіктің мызғымас негізі еліміздің тыныштығы мен тұтастығына байланысты. Біз үшін бұдан асқан құндылық жоқ. Қазақстанның Қарулы Күштері алғаш құрылған күннен бастап елімізді берік қорғауда.

Сіздер де Отан қауіпсіздігіне қорған боласыздар. Мен сіздерді ел үмітін ақтайды деп сенемін.

Баршаңызды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Отанымыз өркендей берсін!


Законы

22 ноября 2024 года

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам реформирования жилищной политики»


Совместное заявление Президента Республики Казахстан и Президента Российской Федерации об углублении стратегического партнерства в условиях нового глобального порядка

28 ноября 2024 года

Совместное заявление Президента Республики Казахстан и Президента Российской Федерации об углублении стратегического партнерства в условиях нового глобального порядка

Указ

15 ноября 2024 года

Указами Главы государства: