Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, бірқатар басым тақырыптар талқыланды. Олардың қатарында саяси диалогты нығайту тетіктерін қоса алғанда, сыртқы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл перспективасы, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жайы сөз болды. Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасының негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатыны, сыртқы сауда айналымындағы үлесі 50 миллиард доллардан асатыны және Қазақстан экономикасында жинақталған шетел капиталының үштен бірін иеленетіні атап өтілді.