National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Елші Аурелия Бушезді қабылдады

2013 жылғы 10 сәуір

 

Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, бірқатар басым тақырыптар талқыланды. Олардың қатарында саяси диалогты нығайту тетіктерін қоса алғанда, сыртқы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл перспективасы, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жайы сөз болды.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасының негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатыны, сыртқы сауда айналымындағы үлесі 50 миллиард доллардан асатыны және Қазақстан экономикасында жинақталған шетел капиталының үштен бірін иеленетіні атап өтілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің