National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы дербес білім беру мекемелері – «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев қорының» Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты

2017 жылғы 27 мамыр

Жиында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, университетті және зияткерлік мектептерді дамыту перспективалары, оқу орындарына құжат тапсыратын талапкерлер санын көбейту, Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын жасақтау үшін іріктеу өткізу жайы, сондай-ақ  ұйымдастыру аспектілері қаралды.

Қазақстан Президенті ғылыми-зерттеу үдерісін дамытып, университеттің халықаралық байланыстары аясын кеңейтудің маңыздылығына назар аударды, сондай-ақ бүкіл еліміздегі 20 зияткерлік мектептің тиімді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

– Зияткерлік мектептердің барлық түлектері еліміздегі және шет елдердегі жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Олардың 90 пайыздан астамы –  мемлекеттік гранттар мен университеттердің білім беру гранттарының иегерлері. Білім беру мекемелеріне тың серпін беру үшін біз олардың одан әрі жұмыс жүргізу стратегияларын жандандыра түсуіміз қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы университет жеті жылдан бергі жұмыс барысында елеулі табыстарға жетіп, осы кезең ішінде мыңға жуық студентті түлеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің  президенті Ш.Катсу сөз сөйледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің